Мезгілдер кезегімен көшкен аспан
Толығымен күз-бейнеге енеді.
Уайымға еш мойын бұрмастан
Күзгі аспанның жұлдыздарын санап көргім келеді.
Кеудеме еніп, бір, екі, соғылатын жұлдыздар
Енді бәрін санай алмаймын, бәлки
Таңның тез атып келетіндігінен,
Келер түннің алда екендігінен,
Менің жастық шағым әлі таусылып бітпегендігінен шығар.
Бір жұлдызға – естелік,
Бір жұлдызға – махаббат,
Бір жұлдызға – жалғыздық,
Бір жұлдызға – құштарлық,
Бір жұлдызға – өлең,
Бір жұлдызға – анашым, анашым,
Анашым, мен әр жұлдызды әдемі бір сөзбен атап көргім келеді. Бір жұлдызды – бастауышта бір партаны бөліскен оқушылардың есімімен, Пэ, Кёң, Ок сынды шетелдік бойжеткендердің есімімен, тағдыр тауқыметімен жастай ана атанған кішкентай қыздардың есімімен, кедейлікті бір кешкен көршілердің есімімен, әнеу бір жұлдыздарды – көгершін, күшік, қоян, қашыр, елік есімімен, бір жұлдызды – «Франсис Жамм», енді бір жұлдызды – басқа бір ақын «Райнер Мария Рильке» есімімен атап көремін.
Олардың бәрі ендігі жырақта қалды.
Жұлдыздың алыстығындай,
Анашым,
Сіз де солай теріскейде менен алыста қалдыңыз.
Мен әлдебір нәрсені сағынып
Сансыз жұлдыз жарқыраған төбе үстіне
Өз есімімді ойып жазып,
Топырақпен жауып кеттім.
Түні бойы барлық жәндік атаулы шуылдасып жылады, бәлки
Өз есімінен ұялатын менің көмулі есімімді көріп мұңаятын шығар.
Алайда қыс өтіп, менің жұлдызыма да көктем оралса,
Жас қабір үстіне көктеген желек сынды
Менің есімім көмілген төбе үстіне де,
Мақтаныш сезіміндей боп қалың көк шығар.
윤동주 – 별 헤는 밤
계절이 지나가는 하늘에는
가을로 가득 차 있습니다.
나는 아무 걱정도 없이
가을 속의 별들을 다 헤일 듯합니다.
가슴속에 하나 둘 새겨지는 별을
이제 다 못 헤는 것은
쉬이 아침이 오는 까닭이요,
내일 밤이 남은 까닭이요,
아직 나의 청춘이 다하지 않은 까닭입니다.
별 하나에 추억과
별 하나에 사랑과
별 하나에 쓸쓸함과
별 하나에 동경과
별 하나에 시와
별 하나에 어머니, 어머니,
어머님, 나는 별 하나에 아름다운 말 한 마디씩 불러봅니다. 소학교 때 책상을 같이 했던 아이들의 이름과, 패, 경, 옥 이런 이국 소녀들의 이름과, 벌써 아기 어머니 된 계집애들의 이름과, 가난한 이웃 사람들의 이름과, 비둘기, 강아지, 토끼, 노새, 노루, ‘프랜시스 잼’, ‘라이너 마리아 릴케’ 이런 시인의 이름을 불러봅니다.
이네들은 너무나 멀리 있습니다.
별이 아슬히 멀듯이.
어머님,
그리고 당신은 멀리 북간도에 계십니다.
나는 무엇인지 그리워
이 많은 별빛이 내린 언덕 위에
내 이름자를 써 보고
흙으로 덮어 버리었습니다.
딴은 밤을 새워 우는 벌레는
부끄러운 이름을 슬퍼하는 까닭입니다.
그러나 겨울이 지나고 나의 별에도 봄이 오면
무덤 위에 파란 잔디가 피어나듯이
내 이름자 묻힌 언덕 위에도
자랑처럼 풀이 무성할 게외다.
1941.11.5.
5 қараша, 1941 жыл
Аударған Талғат ШАЙХЫҒАЛИТЕГІ

