Әлдебір көктемнің таңында Сеулдегі
шағын бір бекетке кеп
Үміт пен сезімнің өзіндей болған
пойызды күтіп,
Перронға көмескі көлеңке түсіріп,
темекі тұтаттым.
Менің көлеңкем темекі түтінімен араласа
тербелген сәтте,
Бір топ көгершін жүрек түкпірінде
ешбір ұялу сезімінсіз
Қанатын жайып, пыр-пырлап,
Күн сәулесіне шағылысады.
Пойыз, ең соңғы жаңалықтардан
беймәлім пойыз
Мені алы-ы-с жаққа ала жөнеледі.
Көктем өте шықты – ал мен Токиодағы
жалдамалы пәтерімде,
Сол бір ескі көшеде жалғызсыраған өзімді
Үміт пен сезімнің өзіндей қатты
сағынамын!
Бүгін де пойыз бірнеше рет беймағына
сенделіп өте шықты.
Бүгін де мен әлдекімді күткендей пойыз
бекетіне жақын төбеде серуендеймін.
Қайран, жастық шақ, тек сен сол
жерде ұзақ аялдашы!
13 мамыр, 1941 жыл
윤동주 - 사랑스런 추억
봄이 오던 아침, 서울 어느 조그만
정거장에서 희망과
사랑처럼 기차를 기다려,
나는 플랫폼에 간신한 그림자를
떨어트리고, 담배를 피웠다.
내 그림자는 담배 연기 그림자를 날리고,
비둘기 한 떼가 부끄러울 것도 없이
나래 속을 속, 속, 햇빛에 비춰, 날았다.
기차는 아무 새로운 소식도 없이
나를 멀리 실어다 주어,
봄은 다 가고 ⓗ 동경 교외 어느 조용한
하숙방에서,
옛거리에 남은 나를 희망과 사랑처럼
그리워한다.
오늘도 기차는 몇 번이나
무의미하게 지나가고,
오늘도 나는 누구를 기다려 정거장 가차운
언덕에서 서성거릴게다.
- 아아 젊음은 오래 거기 남아 있거라.
Аударған Талғат ШАЙХЫҒАЛИТЕГІ

