Тау мүйісінен күріш алқабына
Әдейілеп іздеп келген құдыққа
Үнсіз ғана көз тастаймын.
Құдық ішінде
Ай жарқырап,
Бұлт қалықтап,
Көк аспан жайылады,
Самал жел еседі һәм
Сары күз бар.
Құдық ішінен бір жас жігітті көремін.
Өзге бір беймәлім сезіммен
Оны жек көріп, кері оралам.
Қайтып бара жатып ойласам,
Оған деген аяушылық сезімім оянады.
Қайта келіп үңіліп қарасам,
Еш өзгеріссіз тұрған сол жігітті көремін.
Тағы да сол беймәлім сезіммен
Оны жек көріп, кері оралам.
Қайтып бара жатып ойласам,
Оған деген сағынышым оянады.
Құдық ішінде
Ай жарқырап,
Бұлт қалықтап,
Көк аспан жайылады,
Самал жел еседі һәм
Сары күзбен бірге
Естелік сынды
Сол жас жігіт бар.
1939
윤동주 – 자화상
산모퉁이를 돌아 논가 외딴 우물을 홀로 찾아가선 가만히 들여다봅니다.
우물 속에는 달이 밝고 구름이 흐르고 하늘이 펼치고 파아란 바람이 불고 가을이 있습니다.
그리고 한 사나이가 있습니다.
어쩐지 그 사나이가 미워져 돌아갑니다.
돌아가다 생각하니 그 사나이가 가엾어집니다. 도로 가 들여다보니 사나이는 그대로 있습니다.
다시 그 사나이가 미워져 돌아갑니다.
돌아가다 생각하니 그 사나이가 그리워집니다.
우물 속에는 달이 밝고 구름이 흐르고 하늘이 펼치고 파아란 바람이 불고 가을이 있고 추억처럼 사나이가 있습니다.
1939
Аударған Талғат Шайхығалитегі

