Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      Әйел жазушылардың корей әдебиетіндегі орны

      Главная
      —
      Новости
      —Әйел жазушылардың корей әдебиетіндегі орны
      Әйел жазушылардың корей әдебиетіндегі орны
      07.03.2026
      Бес жүз жылдық тарихы бар Чосон империясы 1897 жылы ресми тарих сахнасынан шығып, оның орнын Корей империясы басты. Осы бір алмағайып кезеңде корей әдебиетінде бұрын-соңды болмаған «әйел жазушы» ұғымын қалыптастырған үш тұлға өмірге келді. Олар – алғаш болып шығармашылық жинағын жарыққа шығарған әйел ақын, жазушы Ким Мёң Сун (1896-1951), тәуелсіздік күрескері, суретші әрі жазушы На Хе Сок (1896-1948) және корей әйелдер қозғалысының мүшесі, будда монахы, ақын, жазушы Ким Уон Чжу (1896-1971).

      Көппен жалғыз алысқан алғашқы әйел жазушы
      Жоғарыда аталған үш тұлғаның барлығы да бүгінгі корей тарихына үлес қосқан қайраткерлер, ал солардың арасынан ең алғашқысы жайлы баяндауды жөн көрдік. Ким Мёң Сун – ақын, аудармашы, драматург, журналист, эссеист, бес тілді жетік меңгерген genius жазушылардың бірі. Қаламгер 1896 жылы Пхеньянда ауқатты отбасыда өмірге келіп, 1912 жылы Сеулдегі Чинмёң қыздар бастауыш мектебін, кейіннен Суңмёң және Ихва қыздар мектебін тәмамдап, 1919 жылы Токиодағы қыздарға арналған мамандандырылған мектепке оқуға түседі.

      Алғашқы әйел жазушы және үшінші әйел журналист (1925-1927 жылдары «Мэиль Шинбо» тілшісі) болып тарихта қалған Ким Мёң Сунның 1917 жылы «Кішкентай қыздың құпиясы» атты дебютті әңгімесі жарық көреді. 1925 жылы «Тіршілік жемісі» деп аталатын шығармалар жинағын жарыққа шығарған жазушы жиырма жылдық әдеби ғұмырында 111 өлең, 25 әңгіме, 20 эссе, 2 пьеса жазып, шет тілінен 15 өлең және бірнеше прозалық шығарма аударады. Олардың қатарында әлем әдебиетінің классииктері саналатын Шарль Бодлер, Эдгар Аллан По және Герхарт Гауптман бар.

      Патриархалды корей қоғамында әйел теңдігі үшін күрескен Ким Мёң Сун ер жазушылардың тарапынан өте көп қысым көрді. Бес тіл меңгерген дарынды аудармашы, жүзден астам өлең жазған қаламы қарымды әйел ақынның шығармалары танымал бола бастағанына ер жазушылар көреалмаушылық танытып, Батыстық әдебиетпен сусындаған әдеби интеллигенцияның өзі бұл құбылысты, феноменді қабылдағысы келмеді. Өз елінде қолдау таппаған соң, тыныштықта болғысы келген қаламгер жат елге қоныс аударып, 1950 жылдары Жапониядағы психиатриялық ауруханалардың бірінде көз жұмады.

      Әйел теңдігі мен қоғам өмірін бейнелеген әйел жазушылар
      Өз заманында лайықты бағаланбаған жазушы Пэк Шин Э (1908–1939) өзінің туған жері Ёнчон аймағында 2007 жылы ұйымдастырылған «Пэк Шин Э әдеби фестивалінен» кейін қайта зерттеле бастады. Қаламгер небәрі 20 жасында, 1928 жылы «Менің анам» әңгімесімен «Чосон Ильбо» газетінде жүлдеге ие болған алғашқы әйел жазушы атанады. Кейіннен Кеңес Одағына сапар шегіп, 1934 жылы бүгінде танымалдыққа ие «Корей» атты әңгімесін жазады. Бұл әңгімеде жер телімдерін алу үшін осы жаққа қашып келді, тыңшылық жасады деген айыппен тұтқындалған корей халқының тағдырын сипаттайды.


      Қарапайым халықтың отаршылдыққа қарсы күресін шынайы суреттеген жазушы Каң Кёң Э (1907–1943) әдеби майданға 1930 жылдың басында келіп қосылады. 1934 жылы «Тоңа Ильбо» газетінде жарық көрген «인간문제» романының танымалдығы артып, 1955 жылы Мәскеуде Анна Артемьеваның аудармасымен «Проблема человечества» болып жарық көрді. Роман кедейлер мен байлар арасындағы таптық теңсіздікті, азапты да қайғылы әйел тағдырын, фабрикадағы жұмысшылардың ауыр еңбегін суреттей отыра, «...адамзаттық мәселе... ол ғасырлар бойы әлі де шешілмей келеді, болашақта бұл мәселенің шешімін табар жан келер ме екен?!», – деп аяқтайды.

      Ким Мёң Сун бастаған ауыр жол Хан Гаңға дейін
      Хан Гаң – корей жазушылары һәм Азиядағы әйел жазушылар арасынан Халықаралық Букер (2016) және Нобель сыйлығын (2024) иемденген алғашқы жазушы. 1970 жылы Куаңчжуда жазушылар отбасында дүниеге келген қаламгер өз шығармашылығын поэзиядан бастады. 1992 жылы Ёнсе университетінің корей тілі мен әдебиеті факультетінің 4 курсында Юн Доң Чжу атындағы әдеби сыйлықты иеленсе, 2005 жылы жазушы И Саңның құрметіне ұйымдастырылған Кореядағы ең маңызды әдеби сыйлықтың иегері атанады. 2013 жылдан бастап Сеулдегі өнер институтында дәріс береді.

      Жазушыға әлемдік танымалдық әкелген «Вегетарианка» романымен қатар Нобель сыйлығын алуға негізгі себептің бірі болған «Человеческие поступки» романы – өткен ғасыр соңында корей халқы үшін ең ауыр трагедия Куаңчжу көтерілісінің қанды оқиғасын суреттейтін шығарма. Роман 15 жасар Тоңхо және оның жанында жүрген жандардың оқиғасын сипаттайды. Алаңда оққа ұшпаса да, сол сәтті өз көзімен көрген қарапайым адамдардың кейінгі өмірі қаншалықты ауыр өткенін жазушы барынша шынайы жеткізеді. Соңғы екі жылда орыс тіліне аударылған «Я не прощаюсь» романы – Чечжу көтерілісінде жазықсыз қырғынға ұшыраған халық пен оның зарбадын көрген буынның тағдырын суреттесе, «Уроки греческого» романы – тағдыры мұңлы жігіт пен қыздың өткен және қазіргі күнін қарапайым бейнелейтін психологиялық шығарма.

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИТЕГІ
      Назад к списку
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ