Қазақстан азаматтарынына тегін медициналық қабылдауды ұйымдастырушы Hyundai ауруханасының директоры Ким Бу Соп өз пікірімен бөлісуде
Сөздіктердің беретін анықтамасы бойынша, "еріктілік" дегеніміз өз қызметін ақысыз түрде көрсету, өз күші мен уақытын өзіндік қалауымен ақысыз өзге адамдарға ұсыну деп көрсетілген. Алайда, менің ойымша еріктілік негізінде оны жасаушы адамға көмек болып табылады, еріктілікпен айналыса отыра біз өз-өзімізге жақсылық жасаймыз деп білемін және көптеген еріктілер менімен бұл тұрғыда келісе алады деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда коронавирусқа қатысты жағдай белгілі бір дәрежеде тұрақталған кезде, біз осы жылдың тамыз айының ортасында жүзеге асырылатын кезекті еріктілер жобасына дайындалып жатырмыз. Пандемия басталғанға дейін, 2018 және 2019 жылдары біздің аурухананың дәрігерлері мен еріктілер Талдықорған мен Үштөбеде азаматтарды тегін қабылдады. Бірақ карантиндік шектеулерге байланысты соңғы 2 жыл ішінде біз тек материалдық көмек жіберіп, медициналық қызметкерлерді дайындадық, сондықтан мен пациенттермен және жергілікті медициналық қызметкерлермен жеке кездесу мүмкіндігіне өте қуаныштымын.
Мен еріктілікпен 2009 жылы Моңғолияда айналыса бастадым, ал 2018 жылдан бастап қазақстандық ауруханалармен өзара қарым-қатынас жасап, науқастарды Қазақстанда емдей бастадым.
Ерікті-дәрігер бола отырып, мен адамдарға маман ретінде көмектесіп қана қоймай, Қазақстандағы әртүрлі халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытамын. Мен жергілікті корейлердің қайғылы тағдыры туралы, олардың Қазақстанға күштеп қоныс аударғаны және жергілікті халықтың оларға қолдау көрсетіп, аман қалуына көмектескені туралы білемін. Қазақ халқына алғыс ретінде біз қайырымдылық шараларын көрсетеміз және адамдарға көмектесеміз.
Еріктілікпен айналыса отырып, мен әлемнің түкпір-түкпірінде көптеген басқа бауырларымызды кездестім. Оларды күтпеген жерлерде кездестіре қалсам, менің жүрегімді мақтаныш сезімі кернеп, қайырымдылыққа деген ынтам ұлғая түседі.
Осыдан 50 жыл бұрын Оңтүстік Кореяға шетелдік миссионерлер мен еріктілер көмектесті, бірақ бүгінде біздің еліміз дамыған әлемдік державалардың қатарына кіреді. Еріктілік қызметтің, ұйымшылдықтың, қолдаудың арқасында көптеген проблемалар шешілуде. Сонымен қатар, басқаларға көмектесу арқылы біз керемет қуат пен күш аламыз.
Моңғолия мен Қазақстандағы қайырымдылық акцияларына орта есеппен 100 адамнан тұратын біздің еріктілер тобына толық емес отбасылардан 6-7 студент және Солтүстік Кореядан келген босқын студенттер қатысты. Көмекке мұқтаж адамдарды көріп, басқа еріктілермен қарым-қатынас жасай отырып, олар батылдық танытып, қиындықтарды жеңуге үйренді.
HYUNDAI клиникасы дәрігерлер үшін тамыздың 4-і мен 12-сі аралығында Талдықорған және Үштөбе қалаларында тегін қабылдауларын жүргізеді. Оңтүстік Кореяның жоғары білікті дәрігерлерінің тегін емделу шаралары мен Медициналық тексеруден өту мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз.