21 маусымда Астана қаласында өткен Халықаралық волонтерлер форумына ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде еріктілер қауымдастығының айрықша рөлін атап өтті. Президент өз сөзін мемлекеттік тілде және ағылшынша айттып шықты. Форумға мемлекеттің әр түпкірінен және шетелден келген еріктілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері арнайы қатысты. Жиынның алғашқы күнінен бастап өзекті мәселелер талқыланып, ой пікірлер мен ұсыныстар айтылды. «Елімізде жүргізіліп жатқан жобалар табысты болу үшін, оған бүкіл қоғам атсалысу қажет, яғни мемлекет пен қоғамның серіктестігі өте маңызды. Осы орайда еріктілердің рөлі айрықша, олар қоғамның түрлі саласында белсенді жұмыс атқарып жүр», – деді президент. Қазіргі таңда волонтерлер ұйым саны үш есе асты – 680 ұйым жұмыс атқарып жатыр. Ал еріктілер саны 200 мыңға жетті. Арнайы Qazvolonteer платформасы жасалып, кез-келген Қазақстан азаматы еріктілер қатарына мүше болып, пайдалы іске өз үлесін қоса алады. Волонтер болу үлкен мүмкіндік, сондай-ақ Қазақстанның волотерлері Иордания, Кения, Түрия, Тайландқа арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Волонтер болу отаншылдықтың жарқын көрінісі, адамгершілік құндылықтарды бәрінен жоғары қоятын жандардың өмір салты.
Фото: kazinform

