«Тягубя» термині корейлердің Қиыр Шығыстан Орта Азияға қоныс аудару тарихымен тікелей байлансты деп айтуға болады. Тягубя деп корей мен басқа этностың аралас некесінен туған баланы айтады. Бұрын тягубяларды тек орыс-корей отбасынан шыққандарды атаған, ал қазір болса бар аралас корейлерді тягубя немесе аргубя деп атайды. «Аргубя» деп те тек ТМД елдердерінің корейлері айдаты. Тягубя жартылай корей болса, аргубя төрттен бір бөлігі корей деп саналады. Оңтүстік Кореяда да тягубя секлді термін бар, ол – 혼혈 (хон холь) деп аталады.
Қазіргі әлемдік жағдайда халықтар мен ұлттар өз болмысына бұрынғыдан да көп сұрақ пен күмән келтіре бастады. Біреулері шығу тегіне жақындай бастады, біреулері бас тартты. Ішкі қарама-қайшылықтардың күресі аралас мәдениетте туған әрбір адамында бар да, болған да.
Өткен жылдың басында «Корё Ильбо» газетінің редакциясына түрлі ұлт өкілдерінің отбасында өскен жас тягубялар шақырылды. Біз посткеңестік елдердегі тягубя болмысы, қай мәдениетке жақын және өзімізді кім деп санайтынымыз туралы подкаст жаздық. Әркімнің жеке тарихы, аралас корей болып туған күрделі немесе қуанышты тәжірибесі болды.
Әрқайсымыз үшін жеке тұлға мәселесі – маңызды нәрселердің бірі болыпты. Әртүрлі отбасында тәрбиеленгенімен, әрқайсымызға ортақ бір нәрсе болды – барша нағыз корей мәдениетіне құштарлық. Әркімнің корей тамырларына деген қызығушылығының себебі әртүрлі болды деп болжауға болады. Кейбіреулер корейлік өмір мен мәдениеттің арасында өсті, бұл корей тұрмысын үйреншікті және қарапайым етті, ал басқаларға өз жеке басының тұтастығы үшін өзімен байланыстыра алатын корей мәдениеті жетіспеді, жеткіліксіз болды.
Тағы бір кең тараған байланыс – қоғамдағы бағдарсыздық болды. Біреулер Қазақстанда орыс тілділер арасында, біреулер қазақтар арасында, біреулер Ресейде, біреулер Кореяда өсті. Сонымен бірге ешкім өзін сол немесе басқа қоғаммен толықтай сәйкестендіре алмады. Кез келген мәдениеттің өзгешелігін тұтас сезе алмадық.
Тіл мәселесі де өзекті болып қала береді. Посткеңестік кеңістікте тягубялар барлығы дерлік орыс тілінде сөйлейді. Сондай-ақ, екі тілді тягубядарда жиі кездеседі.
Алайда екінші этникалық тілді білу артықшылыққа да, кемшілікке де айналады. Қостілділер екі тілді миында бірдей біріктіреді. Бір тіл, қалай болғанда да, тезірек дамиды. Біздің жағдайда бұл тіл орыс тілі болды. Бұл дұрыс па, бұрыс па айту қиын. Дегенмен, екінші тілді ұмытуға болмайды.
Дегенмен, посткеңестік кеңістікте тягубя болып өмір сүру қызықты тәжірибе. Біз әртүрліміз. Дегенмен өз айырмашылығымызды артықшылыққа айналдыра отырып өмір сүре келеміз.
Диана СОН

