Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • 100 лет Kore ilbo
  • Сотрудники
  • Вакансии
О корейцах
  • О корейцах
  • Мероприятия
  • Общество
  • Личности
  • Наша культура
  • Корейское общественное движение
  • Инфографика
  • Традиции и обычаи
  • Галерея
  • Библиотека
Новости
뉴스
Welcome to Korea
  • Гранты и стипендии
  • 뉴스
Статьи в газете
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • 100 лет Kore ilbo
  • Сотрудники
  • Вакансии
О корейцах
  • О корейцах
  • Мероприятия
  • Общество
  • Личности
  • Наша культура
  • Корейское общественное движение
  • Инфографика
  • Традиции и обычаи
  • Галерея
  • Библиотека
Новости
뉴스
Welcome to Korea
  • Гранты и стипендии
  • 뉴스
Статьи в газете
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • 100 лет Kore ilbo
    • Сотрудники
    • Вакансии
    О корейцах
    • О корейцах
    • Мероприятия
    • Общество
    • Личности
    • Наша культура
    • Корейское общественное движение
    • Инфографика
    • Традиции и обычаи
    • Галерея
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Welcome to Korea
    • Гранты и стипендии
    • 뉴스
    Статьи в газете
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • 100 лет Kore ilbo
        • Сотрудники
        • Вакансии
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Мероприятия
        • Общество
        • Личности
        • Наша культура
        • Корейское общественное движение
        • Инфографика
        • Традиции и обычаи
        • Галерея
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Welcome to Korea
        • Welcome to Korea
        • Гранты и стипендии
        • 뉴스
      • Статьи в газете
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      ТАҒДЫР СІЗГЕ МАНДАРИН ҰСЫНСА

      Главная
      —
      Новости
      —ТАҒДЫР СІЗГЕ МАНДАРИН ҰСЫНСА
      ТАҒДЫР СІЗГЕ МАНДАРИН ҰСЫНСА
      04.06.2025
      Чеджу аралы. Өткен ғасырдың екінші жартысы. Соғыстан кейін қара халықтың жағдайы әлі оңала қоймаған. Жастай оқу-білімнен жырақ болып, отбасын асырау үшін тұрмыстың ауыр қамытын әйелдер қауымы мойнына ілді. Өзі оқи алмаса да, Кван Рёнің ендігі бар арманы – қызы Э Сунның лайықты білім алып, жақсы өмір сүруі еді.

      Көктем
      Алғашқы жары өмірден ерте өтіп, тұрмыстың қажеттілігі үшін Кван Рё екінші рет тұрмыс құрды. Алайда Чеджу аралының жазылмаған заңы бойынша, тек әйелдер ғана атқаратын аса жауапты да қауіпті жұмыспен Кван Рё да өз отбасын асырайтын. Ол жұмыс «хэнё» деп аталады. Сөзбе-сөз «теңіз аруы» деген мағына береді. Түнектей қараңғы су астына енген соң, теңіз өнімдерін молынан өзіңмен бірге алып шығуың қажет. Тіршілік үшін күрестің бел ортасында арпалысып жүрген Кван Рё тек балалары үшін ғұмыр кешіп, бар жастық күшін теңізге қалдырып, небәрі 29 жасында өмірден өте шықты. Әкеден бір, анадан екі айырылған Э Сун тағдырдың тауқыметін ерте бастан осылай сезіне бастады.

      Жаз
      Бала күнінен ақын болуды армандаған Э Сун астанаға оқуға кетіп, ауылды біржолата тәрк етейін десе, «кішкентай бауырларың өскенше қарайласа тұрсаң, кейін оқуыңды төлеп беремін» деген өгей әкесіне қарайлап, бақшадағы орамжапырақтарды сатып күнін көріп жатты. Оған кішкентай күнінен тел қозыдай бірге өскен Кван Шик әрдайым қол ұшын созып жүрді. Базарға жылдың төрт мезгілі Э Сунның қасынан қалмай, орамжапырақтарын сатуға көмектесетін. Есейіп ес білген тұстан бері екі жас бірін-бірі жақсы көре бастады. Бірақ Кван Шиктің отбасы жетім қызды жатырқап, отбасына қабылдағысы келмеді. Ақыры Э Сун өзінен жасы үлкен ер адамға тұрмысқа құруға, Кван Шик спортшы боламын деп амалсыздан кемемен астанаға жол жүріп бара жатты. Тек сол бір шешім болмағанда... Э Сунның соңғы сәтте некеден бас тартып, Кван Шик мінген кеменің соңынан айлаққа дейін жүгіруі, алыстан өз сүйгенін көріп, теңізді жарып жүзіп жеткен Кван Шиктің таңдауы болмағанда... бәлкім басқаша болар ма еді?!

      Күз
      Осылай Э Сун мен Кван Шик отбасын құрып, қарапайым ауыл өмірін сүріп жатты. Ата-анасы мен әйелінің арасындағы нақты шекараны дер уақытында қоя білген Кван Шик екі жақты теңдей ұстай білді. Кым Мён, Ын Мён және Дон Мён атты үш бала өмірге келді. Э Сунның өз әжесі ертеде келініне берген уәдесін орындап, үлкен ұлынан туған немересі Э Сунның жұбайына арнап, балық аулауға арналған қайық сатып алып береді. Қуанышында шек болмаған Э Сун мен Кван Шиктің бақытты күндері күздің бір тулаған толқынындай бір басылып, қайта шарпыды. Тулаған теңіз қателікті кешірмейді, ал кішкентай ғана Дон Мённен қапияда көз жазып қалғаны үшін отбасының әр мүшесі өзін кінәлайды. Дүниедегі ең ауыр нәрсе – ата-ананың алдында сәбидің өмірден өтуі. Әр жыл сайын Э Сун жас баланың қабірінің басына келіп, гулеген желден, бораған қардан, күркіреген аспаннан қорғауға тырысып бақты. Осы сәттер әрдайым Кван Шик ағаштың тасасында тығылып, жабырқаған Э Сунның жанарына қарай алмай, көзінің жасын жасырын төгуші еді. Осылай да күндер өтіп жатты...

      Қыс
      Ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл келді. Кван Шик те, Э Сун да самайына ақ түскен, егде тартқан қарияға айналды. Үлкен қыздары Кым Мён өзінің сүйіктісіне қосылып, ортаншы ұлы Ын Мён де әскерден келе сала, бала күнгі махаббатына қосылды. Бастапқыда сәтсіз болса да, Кван Шик шағын бизнесті қолға алды. Э Сун өзінің орындалмай қалған бала арманын әлі де тастамай, күнделікті айналысып жүрді. Ақыры оның «Жүрек сапары» атты өлеңі журнал бетіне басылып шықты. Бұған өзінен бұрын Кван Шик өте қатты риза болды. Өзіңнің қуанышыңа өзіңнен артық қуанар жар жолықтыру – бір бақыт емес пе?! Балалары ақшалай ауруханадан ем алғызса да, кәрілік пен жастай тұрмыстың ауырлығынан болған ескі жарасы жанына батып, Кван Шик аздаған уақытта ғұмырының аяқталарын іштей сезді. Ол соған дайындалды. Өмірінің соңғы сәтінде өзінің сүйіктісіне қарап тұрып, Кван Шиктің жанарынан сырғанап тамшы жас ыршып түсті. Ал Э Сун көз алдында өзінің бар ғұмырын бірге өткізген болаттай берік, аяулы адамынан айырылғанын көзінен аққан есепсіз жастан-ақ сезуге болардай.


      Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
      Назад к списку
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      100 лет Kore ilbo
      Сотрудники
      Вакансии
      О корейцах
      О корейцах
      Мероприятия
      Общество
      Личности
      Наша культура
      Корейское общественное движение
      Инфографика
      Традиции и обычаи
      Галерея
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2025 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ