Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      Үш мың жылдық ұлттық мейрам– әз-Наурыз!

      Главная
      —
      Новости
      —Үш мың жылдық ұлттық мейрам– әз-Наурыз!
      Үш мың жылдық ұлттық мейрам– әз-Наурыз!
      21.03.2026
      Наурыз – ғасырлар бойы жалғасқан ұлттық ірегейлікті нығайтып, келер ұрпаққа рухани құндылықты дәріптеп, отансүйгіштік ұлы сезімді оятатын бірден бір мейрам. Атаулы мейрам қарсаңында отарлық езгіде тауқымет тартқан халықтың тарихи жарасын емдеудегі маңыздылығын, мейрамның ресми деректерде кездесуі және аңыз-әңгіме түрінде ауыз әдебиетінде сақталуы жайынан сөз қозғаймыз.

      Қазақ үшін Наурыздың тарихи маңызы
      1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 наурыз ресми түрде «Наурыз мейрамы» болып бекітілді. Алайда дәл үш жыл алдын 1988 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрі Өзбекәлі Жәнібеков бастамасымен Наурыз республика ішінде кеңінен тойлана бастады. 1926 жылы «діни мейрам» деген желеумен Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Филипп Голощекин ресми тойлауға тыйым салған Наурыз мейрамымен қалың қазақ Өзбекәлі Жәнібековтің ерлігінің арқасында қайта қауышты.

      Кеңес үкіметінің құйтұрқы саясаты бойынша алғашқы жылдары шағын ұлттардың мемлекеттік тілі мен ұлттық мейрамдарына рұқсат етілді. Кейіннен барлығын бір жүйеге бағындыру үшін «ұлттық» сөзіне қатысты дүниеге қатаң тыйым салды. 1920 жылы Түркістан АКСР атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың бұйрығымен ұлттық деп танылған Наурыз мейрамының тойлануы да ұзаққа бармады. 1926 жылы жарық көрген Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романында Наурыз тойлауға барған жастар сол жылы соңғы рет ресми тойлағандығын, арада аттай 62 жыл өткен соң ғана қауышатындығын білмеген болар.

      Тарих сахнасынан елеусіз қалған 62 жылдың ішінде халық бұрын-соңды болмаған алапаттарды басынан кешірді. Ашаршылық, айдау, қуғын, себепсіз сотталу, айғақсыз атылу, дүниежүзілік соғыс, кейіннен репрессияның екінші толқыны. Осы қырғыннан халықтың демографиялық өсімі азайды, бірақ келер күннен үміті мол халық қайта аяққа тұрып, өз хақы үшін 1986 жылы алаңға шықты, 1988 жылы ұлттық мейрамын қайтарды. Міне, қазақ халқы үшін ұлттық мейрамның маңызы осынша тағдырлы әрі тауқыметті.

      Наурыз. Ресми дерек және ауыз әдебиеті
      Тікелей «Наурыз» сөзі қолданылмаса да, оның дәл сол уақытта атап өтілуі жайлы алғашқы деректер зороастризмдік «Авеста» кітабында кездеседі. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында қыстан аман-есен шыққан халық Күн құдайына арнап дәнді-дақылдан дәмді тағам әзірлеп, Күннің теңелуін, жердің жаңаруын тойлаған. Ежелгі Таяу Шығыста пайда болған Күн күнтізбесі бойынша наурыз – жылдың ең алғашқы айы. Бүгінгі парсы тілінде «Фарвардин», одан бөлек «Хамал» деген атауы бар. Ауылы аралас түркі халықтары мен парсылар бір-бірімен жаңа сөз алмасып тұруынан «хамал» сөзі «амалға» ауысып, ескі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келетін тоқты шоқжұлдызына сай халық арасында наурыздың 14-і «Амал күні» немесе «Көрісу күні» деп аталады. Көрісу күнінен соң, әрі қарай тойлау он күннен астам уақытқа созылған.

      Ресми деректен бөлек, қазақ халқының ауыз әдебиетінде ерекше бір аңыз бар. «Өте ерте заманда Түріктен тараған Қазақ пен Созақ деген екі кісі болыпты. Қазақтың екі ұлы бар екен: үлкені – Наурыз, кішісі – Алаш. Наурыз өз кіндігінен перзент сүйе алмаса да, Алаштың үш ұлы әр күн сайын оның үйіне келіп сәлем беруді әдетке айналдырған көрінеді. Қарттық жеңіп, Наурыз өмірінің соңғы шағында барлық туысын жинап: «Жыл сайын көктемде нәурізек құсы ұшып келеді. Сол құс келе салысымен күн жылып, жер бусанып, тіршілік атаулы қайта жаңғырады. Сол сәтте әр үй қазан көтеріп, барша жұртқа арнап құдайы көже пісірсін. Бұл ғұрып дәстүрге айналсын. Артымда тұяқ қалмаса да, қалдырған белгім осы болсын», – деп тілегін білдірген екен.

      Наурыздың ұлттық бірегейлікті сақтаудағы әсері
      Наурыз – ұзақ уақыт араласпаған ағайынның бір-бірімен көрісіп, ренжіскендері қайта татуласатын ай. Бүгінде ресми Наурыз тойланатын күн ежелгі парсылық Күн күнтізбесінің әсерінен 21-22 деп өзгергені ақиқат, себебі фольклортанушы Ахат Шәкәрімұлы өз естелігінде: «Бүгін – 14 наурыз, ескі күнтізбемен 1 наурыз, яғни қазақтың Жаңа жылы», – дейді. Бұл күнді тойлау қазір тек батыс өңірлерде сақталғанымен, өткен ғасырдың бастапқы кезеңдері еліміздің әр өңірінде болғанын көрсетеді.

      Мифолог ғалым Серікбол Қондыбай «Арғықазақ мифологиясы» кітабында «Ұлыс күнінде» өмірден өткен ата-баба рухын құрметтеу рәсімі өтетіні туралы келтіреді. Бұл сөзімізді қостау үшін қазақтың тұңғыш кәсіби ғалымы Шоқан Уәлихановтың «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегіндегі көне сеніммен астасқан қазақтардың өмір сүру болмысы жайлы: «...әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлгендердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау», – деген сөзін келтіруімізге болады. Осы сынды ұмыт болған сенімдер, рәсімдер, дәстүрлер халықтың бірегей болмысын ашуға, оның дүниетанымын тереңірек түсінуге көмектеседі.

      Біз әлі бірегей ұлт болып қалуды ойласақ, енді қалған салт-дәстүрлерді ұмытпай, көне сенім мен заман ағымына сай ғылыми жаңалықтардан хабардар болып, технологиялық өзгерістер ғасырында ұлттық мейрамымыз Наурыздың шын мәнісіндегі маңыздылығын келешекке шынайы жеткізе алуымыз қажет.

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИТЕГІ

      Сурет: Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану қорынан. Наурыз мерекесін тойлау сәті, Тарановское ауылының (қазіргі Әйет) орталық алаңында, 1991 жыл.
      Назад к списку
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ