Продолжаем публикацию информации о региональных корейских этнокультурных объединениях, которые в этом году отмечают своё 35-летие.
Алматинский корейский национальный центр был образован в сложный период – в 1989 г. Тогда распадался Советский Союз, Казахстан делал свои первые шаги на пути к суверенитету. Именно тогда у корейцев появилась возможность воплотить давнюю мечту и создать общественное объединение.
21 июня 1989 г. был зарегистрирован Корейский культурный центр города Алма-Аты, позже переименованный в Алматинский корейский национальный центр. Почти за год до этого инициативная группа под руководством Хегая А.Ю. разрабатывала основные цели и задачи общественного объединения, не имевшего аналогов. В состав группы входили активисты корейского движения: Пак Ир П.А., Чен В.С., Цой Я.П., Ким А.Г., Хван И.П., Хван М.У., Ким Ф.Н., Ким Ю.А., Хан Г.Б., Ким Ок Не, Цой Ен Гын, Ким В.Е., Огай В.Л., Сон Ен Хван, Ян Вон Сик.
Согласно принятому уставу, корейский национальный центр Алматы является общественной организацией, основанной на принципах добровольности и самоуправления, укрепления дружбы между народами и международного согласия, соблюдения законов Республики Казахстан. Основные задачи центра:
• организация и координация деятельности корейцев в Алматы по возрождению языка и национальной культуры;
• вовлечение их в активную работу по укреплению межэтнической гармонии, развитию национальной культуры и народных традиций;
• оказание содействия в реализации комплексных программ социально-правовой защиты жертв политических репрессий;
• представление интересов и защита законных прав членов корейского национального центра города Алматы и других граждан корейской национальности;
• содействие научно-образовательной и предпринимательской деятельности.
В разные годы во главе Алматинского корейского национального центра стояли люди, которых объединяло огромное желание привлечь как можно больше энтузиастов, постоянно двигать организацию вперёд, с каждым шагом поднимая центр на новую ступень. Это Ким А.Г., Чен В.С., Хван М.В., Пак В.М., Ли И.П., Шин Б.С., Шин А.А. Каждый из лидеров внёс свой вклад в деятельность национального центра.
Председателем Алматинского корейского национального центра на протяжении многих лет был Бронислав Сергеевич Шин – с 1995 по 2000 г. и с 2005 г. по 2022 г. В основу деятельности Шина Б.С. на посту председателя АКНЦ были заложены подходы, позволившие поднять работу организации на уровень самых современных требований.
В 2022 году Алматинский корейский национальный центр возглавил Андрей Антонович Шин, депутат маслихата Алматы VIII созыва, президент группы компаний «Шин-Лайн». Со сменой поколения в АКНЦ произошли изменения и появились новые перспективы. Главная задача Шина А.А. на посту председателя АКНЦ – сохранить самобытные традиции и культуру корейской диаспоры через привлечение новых резидентов в Алматинский корейский национальный центр, тем самым приумножить количество творческих коллективов и подразделений АКНЦ.
Сегодня Алматинский корейский национальный центр – центр культурного наследия, прожитого опыта и памяти корейской диаспоры. АКНЦ дорог сердцу каждого резидента, под его крышей культура корё сарам не просто сохраняется и передается младшим поколениям, а преобразовывается в совершенно новое, самобытное наследие корейцев Казахстана.
Алматы кәріс ұлттық орталығының тарихы
Алматы кәріс ұлттық орталығы қиын кезеңде, 1989 жылы құрылды. Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан егемендікке алғашқы қадамын жасап жатқан кез. Дәл сол кезде кәрістер өздерінің ескі арманын жүзеге асырып, қоғамдық бірлестік құруға мүмкіндік алды.
1989 жылы 21 маусымда Алматы қаласының Корей мәдени орталығы тіркелді, кейін Алматы кәріс ұлттық орталығы деп атауы өзгертілді. Бір жылға жуық уақыт бұрын Хегай А.Ю. бастаған бастамашыл топ қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты мен міндеттерін әзірледі. Топқа корей қозғалысының белсенділері: Пак Ир П.А., Чен В.С., Цой Я.П., Ким А.Г., Хван И.П., Хван М.У., Ким Ф.Н., Ким Ю.А., Хан Г.Б., Ким Ок Не, Цой Ен Гын, Ким В.Е., Огай В.Л., Сон Ен Хван, Ян Вон Сик кірді.
Қабылданған Жарғыға сәйкес, Алматы қаласының Корей ұлттық орталығы еріктілік және өзін-өзі басқару, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қағидаттарына негізделген қоғамдық ұйым.
Орталықтың негізгі міндеттері:
• Алматы қаласындағы корейлердің тілі мен ұлттық мәдениетін жаңғыртуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
• Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық мәдениет пен халықтық дәстүрлерді дамыту бойынша белсенді жұмыстарға тарту;
• Саяси қуғын-сүргін құрбандарын әлеуметтік-құқықтық қорғаудың кешенді бағдарламаларын іске асыруға көмек көрсету;
• Алматы қаласының Корей ұлттық орталығы мүшелерінің және басқа корей азаматтарының мүдделерін білдіру және заңды құқықтарын қорғау;
• Ғылым, білім беру және кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу.
Алматы кәріс ұлттық орталығын әр жылдары үлкен ниетпен біріккен адамдар басқарды. Бұл Ким А.Г., Чен В.С., Хванг М.В., Пак В.М., Ли И.П., Шин Б.С., Шин А.А. Орталықтың төрағалары кәріс ұлттық орталығына белсенділерді тартуды, бірлестікті үнемі алға жылжытуды, орталықты әр қадам сайын жаңа деңгейге көтеруді көздеген. Басшылықтың әрқайсысы ұлттық орталықтың қызметіне өз үлестерін қосты.
1995-2000 жж. және 2005-2022 жж. Алматы кәріс ұлттық орталығының төрағасы Шин Бронислав Сергеевич болды. Шин Б.С. АКҰО төрағасы ретінде бірлестіктің жұмысын ең заманауи талаптар деңгейіне көтеруге мүмкіндік беретін тәсілдер белгіледі.
2022 жылы Алматы кәріс ұлттық орталығын VIII шақырылымдағы Мәслихат депутаты, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Шин Андрей Антонович басқарды. Ұрпақ алмасуымен АКҰО-да біршама өзгерістер орын алып, болашақ жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Шин А.А. АКҰО төрағасы ретінде негізгі міндеті – Алматы кәріс ұлттық орталығына жаңа белсенділерді тарту арқылы корей диаспорасының төл дәстүрлері мен мәдениетін сақтау, АКҰО шығармашылық ұжымдары мен бөлімшелерінің санын көбейту.
Бүгінде Алматы кәріс ұлттық орталығы корей диаспорасының мәдени мұрасының, өмір тәжірибесінің және естеліктерінің кіндігі. АКҰО өз шаңырағының астында әрбір тұрғынның жүрегіне ыстық. Бұл жерде корё сарам мәдениеті сақталып, жас ұрпаққа беріліп қана қоймай, Қазақстан корейлерінің тіптен жаңа, ерекше мұрасына айналады.

