Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Соның негізінде, Оңтүстік Корея компаниясы Түркістан облысында 700 миллиард теңгеге су электр станциясын салады.
Бу-газ қондырғысы негізіде салынатын, куаттылығы 1000 МВт электрстанциясын құрастыратын мердігер ретінде Оңтүстік Кореяның Doosan Group компаниясы таңдалды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстанда энергетиканың барлық түрін дамытуды жоспарлайды: газ, көмір, атомдық және жаңартылатын энергия. Компания жақын арада үлкен өзгерістерді енгізуде:
• Екібастұзда орналасқан МАЭС-2-де, әрқайсысының қуаттылығы 636МВт жаңа екі көмір энергоблогы іске қосылады. Сонымен қатар, жалпы қуаты 1100МВт екі энергоблог үшін жаңадан МАЭС-3 салынады.
• Түркістан облысында қуаттылығы 858 МВт болатын екінші газ электр станциясы құрылады.
• Алматы облысының Үлкен елді мекенінде атом электр станциясы салынады.
• Қуаттылығы1 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясын құруды жоспарлайды. Біреуін француздық Total Eren компаниясы, ал екіншісін ACWA Power Сауд Арабия компаниясы құрастырады.
Ұлттық әл-ауқат қоры қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл жоба Қазақстанның энерегетикалық жүйесін арттырып, жетіспейтін энергия қуатының орнын толтырады және тоқтың апатты жағдайын алдын алады. Инвестицианың жалпы саны шамамен 700 млрд теңгеге жетеді, сондай-ақ жұмысқа екі мыңға жуық адам тартылады.