Сәуірдің 11-12 жұлдызында Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мерзімді басылымдар – халық сауаттылығының қайнар көзі» тақырыбында өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының II Республикалық форумы өтті. Іс-шараға 70-ке жуық БАҚ мамандары қатысты.
Форум «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», деп айтқан қазақтың біртуары Ахмет Байтұрсыновтың аталы сөзімен өткен. Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылығы, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, журналистер қатысты.
Сенатор Нұртөре Жүсіп ақпараттық технологиялардың дамыған заманында дәстүрлі баспасөзді дамытудың маңыздылығын айтты. Әсіресе, елді-мекендердегі және шет аймақтардағы журналистердің кәсіби әмбебаптығын нығайту жайлы сөз етті.
Іс шарада ұлттық басылымдарға ерекше көңіл бөлінді. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев корей басылымдарының жұмысы жайлы айта кетті:
– Қазақстанда мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін көптеген этникалық БАҚ бар. Дегенмен, бұл этникалық бұқара ақпарат құралдары тек өз ортасының ішінде, өз қауымдастықтары мен мәдени бірлестіктері арасында ғана танымал. Корей басылымдары қазіргі уақытта жастар арасында сұранысқа ие, өйткені олар ақпаратты қызықты түрде шебер жеткізеді», – деді Талғат Қалиев.
Форумда өңірлік басылымдардағы мамандардың жұмысына қатысты мәселелер талқыланды. Түрлі шаралар арқылы мерзімді басылымдарды тарату саясатын күшейту, оның ішінде қолдау мемлекет тарапынан ғана емес, бизнес құрылымдармен, жеке кәсіпкерлермен байланыс орнату қажеттігі айтылды.
На прошлой неделе в Алматы прошёл II Республиканский форум региональных печатных СМИ. В мероприятии, девизом которого стали слова великого Ахмета Байтурсынова: «Газета – это глаза, уши и язык народа», приняли участие около 70 журналистов со всех концов страны.
Форум был организован Министерством культуры и информации РК и проходил в течение двух дней – 11 и 12 апреля, в республиканском Доме дружбы. Тема встречи: «Периодические издания – источник грамотности народа».
В форуме приняли участие руководство Министерства культуры и информации РК, депутаты Парламента, государственные и общественные деятели, журналисты.
Сенатор Нурторе Жусип заявил о важности развития традиционной прессы в век передовых информационных технологий. В частности, он говорил о расширении возможностей журналистов на местах и в отдаленных регионах.
На мероприятии особое внимание было уделено этническим изданиям. Талгат Калиев, директор Института прикладных этнополитических исследований, отметил работу корейских изданий:
– В Казахстане существует множество этнических СМИ. Однако многие популярны лишь внутри своих этносов, сообществ и культурных объединений. Корейские издания в настоящее время востребованы среди молодежи, поскольку умело и интересно доносят информацию.
На форуме обсуждались вопросы, связанные с работой специалистов региональных изданий. Говорилось о необходимости усиления политики распространения периодической печати посредством различных мер, включая не только поддержку со стороны государства, но и налаживания партнерских отношений с бизнес-структурами, и прочем.
Нұртөре ЖҰМАҒҰЛ

