Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      Корё сарам трагикомедиясы

      Главная
      —
      Новости
      —Корё сарам трагикомедиясы
      Корё сарам трагикомедиясы
      22.11.2025
      Almaty Central Stand Up Club ұжымының ең жас стендапері Александр Цай 2024 жылы 14 қаңтарда өзінің алғашқы жеке концертін өткізді. «Сәлеметсіз бе, менің есімім Саша! Мен 6 жасымнан бастап айна алдында өзімді әртіс сезініп, 15 жасымда шынайы көрермен алдында өнер көрсетіп, 18 жасымда алғашқы жеке стендап концертімді өткізудемін». Бұл – Саша Цайдың алғашқы шығармашылық кешіне келуші көрерменіне жолдаған сәлемдемесі болатын.

      Күні кеше 13 қараша күні жас стендапер Саша Цайдың бір жылдықта жиналған ескі әзілдері мен тың деректерге толы «Чудо, что мы выжили» атты сахналық нөмері жарыққа шықты. Almaty Central Stand Up Club ютуб арнасында «Саша Цай. Корейский поезд» атауымен бейненің мұқабасы жарияланды. Бір апта ішінде көрушілер саны 40 мыңнан асып, 500-ге жуық пікір жазылды.

      Неліктен корейлік жас стендапер көрерменнің көңілінен шығуда?
      Ұлттық идентификация, яғни, ұлттың өзіндік ерекшеліктерін, бірегейлігін тануға деген ұмтылысы. Аталмыш тақырып заманауи стендаптың негізгі мәселелерін қамтитын ауқымды тақырыпқа айналып келеді. Саша Цай қозғаған ең маңызды мәселе – отарланған халықтың сана деңгейінде бостандыққа шығуы. Кеңестік жүйенің қалдырған тарихи ақтаңдақтары, тауқыметі бір ғана корей ұлтының ғана емес, қазіргі Қазақстан жерін мекен ететін түрлі ұлттың қасіреті.

      Тарихи оқиғаларды заман ағымына сай жас ұрпақтың санасында сақталуы үшін астарлы түрде әзілмен жеткізе алу – нағыз өнер. Ешбір орынсыз айыптаулардан ада, оқиғаның салдары әсер еткен бүгінгі жағдайда отарлық езгі көрген халықтың өз бірегейлігін қабылдауы керектігін жеткізген жас стендапердің ұтымды ойлары көпшіліктің оң бағасын алуда. Оған мысал ретінде «1937 жылы корейлер келген азап пойызы әлі де халықтың өзін толықтай қабылдауына кедергі жасайды. Біз қазақ емеспіз, орыс емеспіз, оңтүстік не солтүстік корейі де емеспіз, біз ТМД-лық корё сарамбыз. Өзгелер секілді болуға ұмтылмай, өзімізді қалай бар, солай қабылдай білу – бұл нағыз бақыт!», – деген мағынадағы сөзін келтіруімізге болады.

      Одан бөлек корейлер жайлы әртүрлі стереотиптерді астарлап, біраз тілге тиек етті. «Қазақстаннан кедей әкім, кедей корей және мүйізтұмсық кездестіру мүмкін емес», – деген сынды әзілдерімен бір емес, бірнеше астарлы мәселені жеткізді. Қойылымның соңғы бөлігіне қарай «Азап пойызынан кейін корейлердің аман қалуы – ғажап дүние. Сол бір пойыздан бізді қарсы алған қазақ халқына шексіз алғысымды білдіремін!», – деп өзінің ризашылығын жеткізді. Қойылымның соңын «Егер біз өзіміздің ерекшелігіміз жайлы кішкене де болса ақпарат бере алсақ, демек біз әлгі пойыздан шықтық», – деп қорытындылады.

      Саша Цайдың осы қойылымы – ауыр тақырыптарды халық санасына жеңіл де жеткізуге болатынын көрсетіп, өткенді ұмытпас үшін айтылған үндеу тәрізді. Күлдіре отырып, көзге жас әкеледі. Театрдың бір саласы трагикомедияға жақын сахналық қойылым көрсеткен Саша Цайдың алдағы уақытта да өз көрерменін қуанта беруіне тілекшіміз!

      P.S. Трагикомедия – өмірдің өзі іспетті күрделі жанр. Ол адам табиғатының бір сәтте күлкі мен қайғыны қатар сезінетінін шебер жеткізеді. Бұл жанрдағы шығармалар оқырманды терең ойға жетелей отырып, кейде күліп, кейде күрсінуге мәжбүр етеді.

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
      Назад к списку
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ