Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      КОРЕЙ ӘДЕБИЕТІ: 12 КІТАП «Азалия» – нәзік сезімнің жыршысы

      Главная
      —
      Новости
      —КОРЕЙ ӘДЕБИЕТІ: 12 КІТАП «Азалия» – нәзік сезімнің жыршысы
      КОРЕЙ ӘДЕБИЕТІ: 12 КІТАП «Азалия» – нәзік сезімнің жыршысы
      02.06.2026
      Әлемдік өркениетке батыс әдебиеті жайылған тұста корей ұлтының бірегейлігін жаңа үрдіспен ұштастыра отыра, дәстүрлі поэзияның лирикаға толы нәзік сезімін жеткізе білген ақынның есімі – Ким Соуоль. Небәрі 23 жасында «Азалия» атты өлеңдер жинағын шығарған ақынның есімі бүгінде Юн Доңжумен қатар әрбір корей азаматының сүйікті ақыны ретінде аталады. Қысқа ғұмырында әдебиетке өлшеусіз еңбек сіңіргені үшін «Ұлт ақыны» атанған бес ақынның қатарында бүгінгі ұрпақ санасында ерекше сақталмақ.

      «Азалия» жеке өлең болып 1922 жылдың шілдесінде «Кэбёк» журналында жарияланды. 1925 жылдың 26 желтоқсанында «Мэмунса» баспасында көлемді жинақ ретінде осы атаумен жарық көрді. 127 өлеңді қамтыған ақынның мәңгі өлмес мұрасы 1951 жылдың қарашасында «Суңмунса» баспасынан қайта басылып шықты. Кітаптың алғашқы басылымы 2011 жылы Корея Республикасының мәдени мұрасы ретінде тіркелді. 1951 жылы жарық көрген кітаптың түпнұсқасын ko.wikisource (위키문헌) сайтына 진달래꽃 атауын жазып оқуларыңызға болады.

      나 보기가 역겨워
      가실 때에는
      말없이 고이 보내드리오리다.

      «Мені көрместей жек көріп, сен кеткен кезде, мен үнсіз, сап көңілмен сені жіберемін».
      «Азалияның» өзге туындылардан ерекшелігі – айырылысудың қайғысын іштей қабылдау. Бұл – дәл қазіргі айырылысу болсын, болашақтағы айырылысу болсын, оған дайын екендігін көрсету. Әдебиет сыншысы И О Рёңнің ойынша, бұл өлең мұңды айырылысу жайында емес, керісінше, «бір күні айырылып қалудан қорқатындай дәрежеде шексіз сүю», – дегенді білдіреді. Әдебиеттегі ең маңызды дүние – әр оқырманның әртүрлі түсінуі. Сондықтан әр кез оқыған сайын туынды жаңаша түсінік берсе, ақын мұрасының мәңгілік екендігін білдіреді.

      영변에 약산
      진달래꽃
      아름따다 가실 길에 뿌리오리다.

      «Ёңбёндегі Яксан тауда азалияның бір құшағын жолыңа төсеймін». Өлеңнің дәл осы бөлігін қанша тілге аударып оқысаң да, дәл корей ұлтының өзіндей ерекше әсер алу мүмкін емес. Себебі Ёңбён – бүгінгі солтүстік өңірдегі Пёңан аймағы, яғни сыртқы күштердің әсерінен екіге бөлінген бір халықтың ішкі мұңын да осы жолдармен жеткізуге болады. Ким Соуоль өмір сүрген дәуірде бұндай бөлініс болмаса да, 1950 жылдары сұрапыл соғыс тұсында «Азалияның» қайта кітап болып шығуы – ұлттың ішкі сағынышы, бейбітшілікке ұмтылуын білдіреді. Сүйген адамыңның жолына гүл шашу – буддизмдегі дәстүрлі ұғым. Осы шағын өлең жолы арқылы ақын ұлттың өзіне тән ерекшеліктерін айқын көрсетеді.

      가시는 걸음 걸음
      놓인 그 꽃을
      사뿐히 즈려밟고 가시옵소서.

      «Кететін ұзақ жолға шашылған гүл үстінен нәзіктікпен ғана өтерсің». Бүгінде әдебиеттанушылар осы өлеңге ирландиялық ұлы ақын Уильям Йейтстің Aedh Wishes for the Cloths of Heaven атты өлеңі әсер етті деп есептейді. Ким Соуольдың ұстазы Ким Ок ағылшын әдебиетінен аудармамен айналысқан, сол арқылы әлем әдебиетінің мұраларымен таныс болуы мүмкін. Йейтстің 1899 жылы жазылған өлеңінде «алтын-күміс аспан маталарын төсей алмаса да, өз армандарын оның жолына төсеуі» – оған деген сезімінің шынайылығын көрсетсе, Ким Соуоль өлеңінде бұл корей халқының өзіндік дәстүріне сай «жолына гүл төсеу» арқылы ақынның өз жүрегін, өз сезімін сол жерге төсеуі.

      나 보기가 역겨워
      가실 때에는
      죽어도 아니 눈물 흘리오리다

      «Мені көрместей жек көріп, сен кеткен кезде, өлермін, бірақ көз жас төкпеспін». Бұл жерде астарлы мағына басым, ирония ретінде қолданылған. Сырттай «өлсем де, жыламаймын» дегенімен, шын мәнінде өте қатты күйзелетінін білдіреді. Бұл – «қайғыдан гөрі өлім жеңілірек», яғни айырылысудың ауырлығын шынайы суреттеу. Ақынның барлық өлеңдері «Азалияда» қозғаған тақырыптарды әрі қарай тереңдетіп зерттей түседі. Алайда ақынның ғұмыры тек 32 жылды қамтыса да, артында күллі әлемге танымал туындылары мен корей ұлты сүйіп оқитын жырлары қалды.

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИТЕГІ
      Назад к списку

      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ