«Корей әдебиеті: 12 ақын – 12 өлең» рубрикасы ХХ ғасырда қалам тербеген корей модернизм әдебиетінің өкілдеріне арналады. Ежелгі дәуір мен бүгінгі дәуірдің арасын жалғап, адамзат тарихындағы технологияның, өнердің, әдебиеттің, мәдениеттің дамып, құлдырап, қайта көтерілген дәуірі – ХХ ғасыр екендігі ақиқат. Осы кезеңде өзінің жалынды жырларымен көңілі жасыған халыққа дем болып, ұлттың үніне айналған біртуар ақындардың өлеңдерін алдарыңызға ұсынып отырмыз.
Юн Доң Жу (30.12.1917 – 16.02.1945) – корей «қарсылық әдебиетінің» жарқын өкілі. 27 жылдық саналы ғұмырында ақын өз елінің тәуелсіз болуын тіледі. Құлдықта қалған халқының ғылым-білімге құштарлығын оятуға талпынды. Рухты жырлар жазды. Жапон отаршылдарының оны түрмеде азаптап өлтіруінің басты себебі де – өз елін сүюі еді.
Юн Доң Жу – Пролог
Ақырғы дем жеткенше аспан жаққа қол созам
Аядай да ол үшін ұяламағам,
Жапырақты үрлеген қара жел де
Жанымды жаралаған.
Кеудемде ән салған жұлдыздар
Узілген дүниенің барлығын сүйемін
Өзіме арналған жолым бар
Адымдап жүремін.
Бүгін де жел жұлдыздарды қуалайды.
윤동주 – 서시
죽는 날까지 하늘을 우러러
한 점 부끄럼이 없기를,
잎새에 이는 바람에도
나는 괴로워했다.
별을 노래하는 마음으로
모든 죽어 가는 것을 사랑해야지
그리고 나한테 주어진 길을
걸어가야겠다.
오늘 밤에도 별이 바람에 스치운다.
Рубрика авторы мен қазақ тіліне аударған
Талғат ШАЙХЫҒАЛИ

