Ким Чyн Су (1922 – 2004) – өткен ғасырдың екінші ширегіндегі корей поэзиясының жарқын өкілі. Кёнсан-Намдо аймағында дүниеге келіп, 19 жасында корей мектебін аяқтай сала, Жапониядағы Нихон университетінің өнер факультетіне оқуға түседі. Арада бірер жыл өткен соң, империяға және Корей генерал-губернаторлығына қатысты сын білдіргені үшін оқудан шығарылады. Елге оралған соң, мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. 1948 жылы «Ақ бұлттар мен раушан гүл» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шығады. Ақынға танымалдық әкелген «Гүл» өлеңі Кореяда жоғары сынып оқушыларының міндетті оқу бағдарламасына енгізілген. Ақын өмірінің соңғы жиырма жылында саясатқа араласып, 1981 жылы Ұлттық Ассамблеяның бүкілхалықтық депутаты болып сайланды. 5-ші республика кезінде диктатор Чон Ду Хванға өлең арнағаны үшін сынға ұшырады. 82 жасқа қараған шақта тыныс алу жолдарының бұзылуынан миға ауыр зақым алып, Пудаңдағы Сеул ұлттық университетінің ауруханасында көз жұмады.
Ким Чyн Су – Гүл
Оны атап шақырғанша,
Жай ғана ол,
Қимыл болды.
Оны атап шақырғанда,
Маған келді,
Ол гүл болды.
Оны атап шақырғандай,
Осы түс пен хош иіспен,
Шақырыңдар есімімді.
Оған қарай ілбіп басып,
Гүлге айналсам, ол секілді.
Біз бәріміз
Түбі өзге зат болғымыз келеді.
Сен мендегі, мен сендегі жанарда
Ұмытылмас көзқарас боп сақталғымыз келеді!
Рубрика авторы және корей тілінен аударған
Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
김춘수 - 꽃
내가 그의 이름을 불러 주기 전에는
그는 다만
하나의 몸짓에 지나지 않았다.
내가 그의 이름을 불러 주었을 때
그는 나에게로 와서
꽃이 되었다.
내가 그의 이름을 불러 준 것처럼
나의 이 빛깔과 향기에 알맞은
누가 나의 이름을 불러다오.
그에게로 가서 나도
그의 꽃이 되고 싶다.
우리들은 모두
무엇이 되고 싶다.
너는 나에게 나는 너에게
잊혀지지 않는 하나의 눈짓이 되고 싶다.

