Чжоң Чжи Ёң (1902 – 1950) – корей әдебиетінің қайшылықты әрі маңызды тұлғаларының бірі. 1922 жылы Вимун орта мектебін, 1929 жылы Токиодағы Дошишя университетінің ағылшын әдебиеті факультетін тәмамдайды. Корей әдебиетінің жас таланты Юн Доң Жу мен И Саңға қолдау білдіріп, алғашқы жыр жинақтарын шығаруға көмектеседі. 1941 жылы Жапония мен АҚШ соғысынан кейін әдебиеттен алыстайды. 1945 жылдары Чосон әдеби ассоциациясының балалар әдебиеті бөліміне төраға болып сайланып, тек қызмет бабымен ғана айналысады. Қаламгердің өмірінің соңғы жылдары жайлы жұмбақ дүниелер кездеседі. Бейресми дерек бойынша, оны Солтүстікке өзге ұйымдардың ұрлап кетуі – мемлекеттік тұрғыдан қылмыс ретінде саналды. 1988 жылға дейін Корея Республикасында Чжоң Чжи Ёңнің жинақтарын шығаруға тыйым салынды. Ақынның өлімі жайлы түрлі пікір болғанмен, ең сенімдісі – 1950 жылы корей соғысы кезінде Соёсан тауының маңында бомбалаудан қаза тапқаны. Кейіннен бар шындық расталған соң, Чжоң Чжи Ёң есімі ақталып, қайта басылып шыға бастады.
Чжоң Чжи Ёң – Тау құсы
Бүр жарған самырсын үстінде,
Тау құсы мұңдана ән салады.
Үстінде көк түсті киімі,
Басында алқызыл телпегі.
Көзіме бір сәтке елестеп,
Әпкемнің бейнесі келгені.
Шуақты көктемнің таңы атса,
Тау құсы мұңдана ән салады.
*самырсын – жіңішке қылқан жапырақты биік өсетін ағаш, қарағайдың бір түрі.
Рубрика авторы және корей тілінен аударған
Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
정지용 - 산에서 온 새
새삼나무 싹이 튼 담우에
산에서 온 새가 울음 운다.
산엣 새는 파랑치마 입고.
산엣 새는 빨강모자 쓰고.
눈에 아름 아름 보고 지고.
발 벗고 간 누의 보고 지고.
따순 봄날 이른 아침 부터
산에서 온 새가 울음 운다.

