Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      Ким Цын Сон – корей тілінің жанашыры Г. Прашкевичтің естелігінен үзінді

      Главная
      —
      Новости
      —Ким Цын Сон – корей тілінің жанашыры Г. Прашкевичтің естелігінен үзінді
      Ким Цын Сон – корей тілінің жанашыры Г. Прашкевичтің естелігінен үзінді
      02.12.2025
      «Егер өңірдегі жалғыз корей мектебі жабылса, онда біздің жалғыз корей газетімізді болашақта кім оқиды?»

      Ол 1918 жылы 11 қыркүйекте Владивостокта дүниеге келді.
      Оның бет-пішіні үлкен әрі дөңгелек, құдды теңіз арыстаны сияқты еді. Оңтүстік Сахалинде космонавт Попович көшесінде тұрды. Әр кез үйіне барған сайын «Қожайын келді!» деп қарсы алатын. Маған Ким Цын Сонның поэзиясы ұнайтын. Володя Горбенко екеуміз оның өлеңдерінің құпиялығын сақтауға тырыстық. Корей кейіпкерлерінің құрылымының өзі ерекше мағынаға ие, ал Ким Цын Сонның өзі корей поэзиясында ерекше орын алады. Алайда өмір оған жылулық танытпады.

      Ким Цын Сон төрт жасынан бастап әкесіз, он жасынан бастап анасыз өсті. Мен бұл туралы ол қайтыс болғаннан кейін, оның жесірі Зоя Иннокентьевнадан білдім. Болашақ ақын тәтесінің қолында тәрбиеленді. Он төрт жасынан бастап күнкөріс қамымен өз бетінше ақша табуға мәжбүр болды. 1937 жылы Қиыр Шығыстағы барлық кеңес корейлерімен бірге тағдыр тауқыметін тартты. КСРО Халық комиссарлары кеңесі мен Бүкілодақтық Коммунистік партия Орталық Комитетінің 1937 жылғы 21 тамыздағы №1428-326 «Қиыр Шығыстың шекаралас аймақтарындағы корей халқын Орталық Азияға депортациялау туралы» қаулысын есте сақтайтындар санаулы. Бірақ бұл қаулыдан зардап шеккендер оны ешқашан ұмытқан емес.

      Ким Цын Сон 1946 жылдан бастап Ташкентте тұрып, орта мектепте корей тілінен сабақ берді. Сондай-ақ, ол өзінің алғашқы кітаптарын Ташкентте жариялады. Кейіннен КСРО Жазушылар одағына қабылданды. Бұл оқиға сол кезең үшін ерекше құбылыс болды: 1953 жылға дейін Қиыр Шығыс корейлері арнайы қоныстанушылар болып саналды. Оларға одақ ішінде мекенін ауыстыруға тыйым салынды, кеңестік төлқұжат берілмеді, саяси әрі азаматтық құқықтары болмады. Бірақ заман өзгеріп жатты. 1955 жылы Ким Цын Сонға Қиыр Шығысқа оралуға рұқсат берілді. Ол Оңтүстік Сахалинді таңдады.

      Оңтүстік Сахалинде Ким Цын Сон «Ленин жолымен» корей газетінің бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеді. 1968 жылы Сахалин облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы П.А. Леоновтың бұйрығымен бүкіл аралдағы жалғыз корей мектебі жабылды. Жабық партия жиналысында Ким Цын Сон: «Егер өңірдегі жалғыз корей мектебі жабылса, онда біздің жалғыз корей газетімізді болашақта кім оқиды?» деп өзінің азаматтық пікірін білдірді. Облыстық партия комитетінің хатшысына Ким Цын Сонның бұл сөздері ұнамады, кейін КХДР-ның құрылғанына 20 жыл толуына орай аталмыш корей газетінде ТАСС (телеграф агенттігінің) тілшісінің материалына негізделген мақала жарияланады. Ким Цын Сон жауапты болған мақаланы кез келген саяси қылмыс дерегі үшін тергеу туралы бұйрық шығарылды, әрине, мұндай қылмыстық дерек тез табылады. Ким Цын Сон редакция алқасынан шығарылды.

      Ақын отбасын асырау үшін асханаға завхоз (шаруашылық меңгеруші) болып жұмысқа орналасты. Бұндай жағдай ол кездері тіпті қалыпты еді. Ешкім ештеңе болмағандай өмір сүре береді. Тек В. Горбенко екеуміз ғана Ким Цын Сонның өлеңдерін аударуды жалғастырдық, кейде оларды Сахалиннен алыс орналасқан «Дальний Восток» (Хабаровск), «Байкал» (Улан-Удэ) және «Сибирские Огни» (Новосибирск) журналдарында жариялап отырдық. Бір кездері тіпті сафроновтық «Огонёк» басылымында Ким Цын Сонның өлеңдері жарияланды. Ол әрімен қарай завхоз болып істей берді. Анда-санда біз оның қарапайым, бірақ қонақжай үйінде кездесіп тұратынбыз.

      Ол ескі әдетімен «Қожайын келді!» деп қуанып қарсы алатын.
      Құпияға толы корей тағамдары, тылсым сусындар және поэзия.
      Мұңды жырларын оқыған сайын Ким Цын Сон өзінің болашағының жарқын болатынына сенетіндей кейіп танытатын.
      Алайда сол баяғы асханада завхоз болып өмірден өтті.
      Ақын шеткі аймақтардың асханасында завхоз болып өмірден өтуі мүмкін, алайда ол жүректе мәңгі ақын болып сақталады.


      Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
      Назад к списку
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ