Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      Хан Диннің мәңгілік мұрасы

      Главная
      —
      Новости
      —Хан Диннің мәңгілік мұрасы
      Хан Диннің мәңгілік мұрасы
      23.07.2025
      Жазушы, драматург, сценарист Хан Дэ Ён (әдеби есімі – Хан Дин) 1931 жылы 17 тамыз күні Пхеньян қаласында педагог, драматург Хан Тэ Чонның отбасында өмірге келді. Қаламгердің ерте ес жиып, бой түзеуіне екінші дүниежүзілік соғыс пен корей соғысы тікелей әсер етеді.

      1948 жылы Ким Ир Сен атындағы университеттің орыс тілі факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы Корей соғысында 19 жасар Хан Дэ Ён Корей халық әскерінің атынан майданға аттанады. Сол жылдың қыркүйек айында Инчхон маңындағы шайқаста жарақат алады. 1952 жылы мемлекет қолдауымен Мәскеуге үздік студенттер қатарында оқуға түседі. БМКИ (ВГИК) қабырғасында 5 жыл білім алып, 1957 жылы кинодраматург мамандығы бойынша дипломдық жұмысын «38-ші параллель» атты тақырыпта киноповесть жазып шығарады. Драматургтың кейінгі шығармаларына да арқау болған өзекті тақырыптардың бірі – корей халқының біртұтастығы.

      Оқуды аяқтаған соң, бір топ жас қаламгерлермен бірге КХДР-ге оралудан бас тартып, саяси жағдайлармен КСРО аумағында еңбек жолын бастайды. Алғашында Барнаул телевизия студиясында редактор, «Ленин Кичи» (бүгінгі «Корё Ильбо») газеті мен академиялық корей театрында әдеби бөлім жетекшісі қызметін атқарады. 1970-1980 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының құрамындағы корей бөлімінің басшысы ретінде корей жазушыларының бес бірдей жинағын корей тілінде жарық көруіне үлес қосады. Осы жылдар аралығында Жазушылар одағының Б. Майлин сыйлығымен марапатталады.

      Драматург ретінде алғашқы тырнақалды туындысы – «Өгей шеше» (Мачеха – 의부어머니) 1960 жылдардың ортасында академиялық корей театрында сахналанды. Одан бөлек жазушының қаламынан «Жалдамалы сарбаздың тағдыры» (Судьба солдата-наемника – 고용병의 운명), «Янбан жайлы аңыз» (Сказание о янбане – 량반전), «Ким Сон Дальдің алтын самұрық құсы» (Феникс Ким Сендара – 봉이 김선달), «Ананың самайына түскен ақ» (Седина матери – 어머니의 머리는 왜 세웠나), «Тірі Будда» (Живой Будда – 산부처), «Сен – мен үшін, мен – сен үшін» (Ты – мне, я – тебе – 너 먹고 나 먹고), «Жарылыс» (Взрыв – 폭발), «Алып бәйтеректі шайқауға болмайды» (Не стоит раскачивать дерево – 나무를 흔들지 마라) атты оннан астам драмалық шығармалар дүниеге келеді.

      Хан Диннің өз шығармашылығынан бөлек кеңестік жазушылар мен әлемдік әдебиет өкілдерінің танымал туындыларын корей тіліне аударып, корей театры үшін мәңгі өшпес қойылымдарға айналдырды. Олардың қатарында Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз», «Қобыланды», Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер-ана», Исидор Штоктың «Ленинград проспектісі» және әлемдік классиктерден Шекспирдің «Гамлет», Мольердің «Еріксіз емші», Гарсиа Лорканың «Бернарда Альбаның үйі» пьесаларын тәржімалады. Кері байланыс ретінде қазақ және орыс тіліне аударылған Хан Диннің ең таңдаулы әңгімелері – «Үрей» (Страх), «Сол мекен қалай аталады...» (Как называется то место...) еңбегі арқылы адамның өз үрейін жеңіп, өзгелерге пайдалы бола білудің, өз ұлтының тілін, дәстүрін келешекке аман-есен жеткізудің маңызды екенін көрсетеді.

      Қаламгердің еңбегі сіңген, еліміздегі корей газеттерінің қара шаңырағы – «Корё Ильбо» газетіне бас редактор болып 1991 жылы шілде айында тағайындалды. Дәл осы жылы Сеул қаласында өткен Халықаралық театрлар байқауында «Алып бәйтеректі шайқауға болмайды» қойылымы үздік деп танылып, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры KBS телеарнасының сыйлығын олжалады.

      1993 жылы әдебиет, мәдениет, өнер адамына берілетін ең басты марапат, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері мәртебесіне ие болды. Дәл сол жылы 13 шілдеде жазушы, драматург, кеңестік кезеңдегі корей әдебиетінің дамуына шексіз үлес қосқан Хан Дэ Ён өмірден өтті. Қаламгердің мәйіті Алматы маңындағы Боралдай зиратына жерленді. Ал мәңгілік мұра қалдырған жазушының рухы мәңгі жасай береді. Сол себепті Хан Дин мәңгі жанымызда!

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
      Назад к списку
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ