Біз, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша мынаны мәлімдейміз.
Бүгінгі таңда ресей-украин қақтығысына байланысты халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев халықаралық аудиторияның назарын жан-жақты диалогты дамыту қажеттілігіне дұрыс аударып отыр.
«Аманат» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде ол:
«Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді көздейді. Біз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізген ел ретінде еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы қағидатына бейілдіміз...
Сондықтан біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы жанжалдан жаман татулық артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды», - деп атап өтті.
Сонымен қатар, әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюінің осынау қиын жағдайында қоғамымыздың ішкі топтасуын сақтау міндеті бұрынғыдан да өзекті әрі маңызды бола түсуде. Біз барлық жауапты қоғамдық күштерді, азаматтарымызды Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жаңа бағыты төңірегіне топтасуға, жалпыұлттық ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, елді дамытуға бағытталған жасампаз саясатын қолдауға шақырамыз.
Біз бейбіт аспан, әр шаңырақта береке-бірлікті сақтау – келешек ұрпақ алдындағы қасиетті ортақ борышымыз екеніне терең сенімдіміз.
Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
___________________
Мы, руководители республиканских этнокультурных объединений Казахстана, по итогам совместной встречи заявляем следующее.
Сегодня, в условиях обострения международной ситуации вследствие российско-украинского конфликта, Президент нашей страны К.К.Токаев правильно обращает внимание международной аудитории на необходимость развития всестороннего диалога.
В своем выступлении на съезде партии «Аманат» он отметил:
«Наша позиция должна исходить из критической необходимости обеспечения безопасности, суверенитета, территориальной целостности нашего государства. Как страна, принявшая у себя саммит ОБСЕ в 2010 году, мы настаиваем на принципе неделимости евразийской безопасности…
Поэтому мы призываем оба государства к нахождению общего языка за столом переговоров, к достижению договоренностей и согласия. Другого пути нет. Худой мир лучше доброй ссоры. Без мира не будет развития».
Вместе с тем, в этих непростых условиях роста геополитической напряженности в мире, задача сохранения внутренней консолидации нашего общества становится еще более актуальной и важной. И мы обращаемся ко всем ответственным общественным силам, нашим гражданам сплотиться вокруг нового курса Главы государства К.К.Токаева, поддержать его созидательную политику по укреплению общенациональной консолидации, единства и развития в стране.
Мы глубоко убеждены, что сохранение мирного неба, благополучия в каждом доме – наша с вами священная обязанность перед будущими поколениями.
Построим Новый Казахстан вместе!