Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      Қазақ оркестрінің королі Нұрғиса Тілендиевке 100 жыл

      Главная
      —
      Новости
      —Қазақ оркестрінің королі Нұрғиса Тілендиевке 100 жыл
      Қазақ оркестрінің королі Нұрғиса Тілендиевке 100 жыл
      08.04.2025
      Биыл қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері, дәулескер домбырашы, Халық Қаһарманы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына мерейлі 100 жыл.

      Нұрғиса Атабайұлы Алматы облысы, Іле ауданы, бұрынғы Шилікемер ауылында 1925 жылдың 1 сәуірде дүниеге келген. Әкесі Жетісуға атағы шыққан танымал күйші, анасы күміс көмей әнші болған. Жастай әкеден жетім қалған бала Нұрғисаның талантын жазбай таныған қазақ музыка өнерінің зерттеуші профессоры, академик Ахмет Жұбанов болды. Алты жасар баланың бойынан музыкаға деген қабілетін байқап, анасы Салиханың рұқсатымен 1933 жылы Алматыдағы музыка-драма техникумына оқуға түсіреді. Өзінің өмірлік ұстазы санаған Ахмет Жұбановтың 1937 жылы берген домбырасын өмір бойы көзінің қарашығындай сақтаған. 12 жасынан оркестр құрамында күйшілік, 14 жасынан дирижерлік қызмет атқарып, өзінің қабілетін ерте жастан шыңдай түседі.

      Бір орында тұруды білмейтін ұшқалақ, көрсем, білсем деген талабының арқасында музыка, би, бокс сынды үйірмелерге қатысқан бозбала Нұрғиса сұрапыл соғыс басталғанда, небәрі 16 жаста болатын. Әскер қатарына алынуға жасы жетпесе де, құжатына жасын екі жылға үлкейтіп, майданға аттанып кетеді. Соғыс біткеннен кейін «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» және «Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін» медальдерімен марапатталады. Ең даңқты медалі, Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы 1998 жылы 15 қазанда өмірден өткеннен соң берілді.

      Нұрғиса Тілендиев қазақ киносы тарихында өшпес із қалдырған «Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады», «Қыз Жібек» сынды фильмдердің, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» толықметрлі мультфильмдердің композиторы. Солардың ішінде шоқтығы биігі – Сұлтан Қожықов түсірген «Қыз Жібек» фильмі. Дала заңымен еркін өскен қазақ халқының дархандығын, кеңпейілдігін суреттей отыра, Бекежан сынды типтік образбен зұлымдықтың да қатар өмір сүретінін көрсетеді. Түсірілім барысында Нұрғиса Тілендиев «Аққу» күйін мың құбылта, түрлендіре шерткенде, бір тартқаны екіншісіне мүлдем ұқсамайтыны өзгелерді қайран қалдырады. Тіпті, көл еркесі аққулардың өзі Нұрғисаның саусағынан төгілген күйге бойын елітіп, жұп-жұбымен фильмнің түсірілім барысын өздерінің көркемдігімен әсемдейді.

      1980 жылы Нұрғиса Тілендиевтің бастамасы және Дінмұхаммед Қонаевтің қолдауымен Қазақ филармониясының жанынан «Отырар сазы» оркестрінің негізі қаланады. Алғашында шағын ансамбль ретінде құрылып, арада екі жылдық еңбектен соң, ресми оркестр лауазымын алады. 1985 жылы оркестр Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты атанып, 1994 жылы Солтүстік Кореяда өткен Дүниежүзілік музыкалық өнер фестивалінде алтын жүлдеге ие болады. 1999 жылы оркестрге Нұрғиса Тілендиевтің есімі беріліп, 2000 жылы Академиялық лауазымға ие болды. 2009 жылдан бастап оркестрдің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, әке ізін жалғаушы Дінзухра Нұрғисақызы Тілендиева.

      Даңқты композитордың артында «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» сынды ел жадында мәңгі сақталар күйлері мен 500-ге жуық ән мен романстары қалды. Соның ішінде Нұрғиса Тілендиевпен жақын дос болған Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Жұбан Молдағалиевтің сөзімен «Саржайлау», «Өз елім», «Куә бол», «Алатау», «Құстар қайтып барады», «Қайран менің жүрегім» атты мәңгі өлмес өлеңдер жазылды. Біртуар композитордың құрметіне өзінің туған ауылы 2005 жылдан бастап Нұрғиса Тілендиев деп өзгертілді. Одан бөлек Республика ішінде бірнеше көшелер, музыка мектептері, музейлерге есімі берілген.

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
      Назад к списку
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ