Осы жылдың ақпанында Қазақстан жастар құрамасы Канадада өткен беделді халықаралық Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турниріне қатысты. Әлемнің 28 елінен 2200 бала қатысып, 63 жылдық тарихында, бұл мәртебелі турнирде алғаш рет Қазақстан құрамасы өзін жарқыратып жариялады. Әсіресе, Александр Ким осы турнирде өзін белсенді көрсете алды.
Англия құрамасымен өткен жарты финалының соңғы 0,03 секундында шешуші голды соғып, командасын финалға алып шығып, турнирдің үздік бомбардирі атанды. Оның есімі үлкен Морис Ришар кубогында алтын әріптермен жазылған. Жас жеңімпаз кубоктың хрусталь көшірмесін туған жері – Шымкентке мақтанышпен алып келді.
Бұл турнир әлемдегі ең маңызды туринирлердің бірі, ол 11-12 жасты жасөспірімдерде арналған әлем чемпионаты болып саналады. Кезінде, Pee-Wee чемпионатына әлемге танымал Брэд Парк және Патрик Рой сияқты хоккей жұлдыздары қатысты.
Алесандр алғаш рет төрт жасында хоккей таяқшасын қолына алып, коньки тебе бастады. Сол кезден-ақ хоккейді ұнатып, хоккейге қуана қатыса бастады. Александрдың алғашқы жаттықтырушысы Олег Левиков болған. Ол алғашқы жүлдесін жеті жасында Бішкекте өткен халықаралық турнирде жеңіп алды. Бұл оның алғашқы маңызды марапаты болды, шеберлігі сол кезден бастап-ақ бағалана бастады. Отбасының қолдауы мен өз еңбекқорлығының арқасында Александр үлкен жетістіктерге жетіп жатыр.
Республикалық «Корё ильбо» газетінің редакциясы Александр Кимді жеңісімен құттықтап, жас хоккейшіге толағай табыстар тілейді!
Валерия ЛИ