Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      9 қазан - корей тілі күні!

      Главная
      —
      Новости
      —9 қазан - корей тілі күні!
      9 қазан - корей тілі күні!
      09.10.2025
      Корей тілі мерекесі алғаш рет 1926 жылы ай күнтізбесі бойынша 9 айдың 29-шы күнінде «Кагя наль» (가갸날) атауымен тойланды. 1928 жылдан бастап «Хангыль наль» (한글날) деп өзгертілді. 1946 жылы 9 қазаннан бастап ресми мереке ретінде демалыс күні болып жарияланса, 1991 жылы 1 қарашада ресми демалыс күні алынып тасталды. 2005 жылы 8 желтоқсанда «Ұлттық мереке» статусы қабылданып, 2012 жылы 18 желтоқсанда қайтадан ресми демалыс күніне айналды.

      Корей халқы үшін маңызды бес мерекенің бірі саналатын Хангыль наль (корей тілі күнінің) тойлану тарихы бір ғасырға жуық уақытты қамтиды. Корей әліпбиінің құрастырылғанына 480 жыл толуына орай Чосон тілінің зерттеу қоғамы, бүгінгі Хангыль қоғамы 1926 жылы Сеулдегі тәуелсіздік күрескерлерінің құпия кездесу орны Шикдоуон (식도원) мейрамханасында алғаш рет «Кагя наль» мерекесі ретінде салтанатты түрде атап өтті. Корей тілі мерекесін алғаш жалпыұлттық деңгейде атап өтілу себептерінің бірі – өткен ғасырдың 20-шы жылдарындағы отаршылдыққа деген қарсылық еді. Арада екі жыл өткен соң «Хангыль наль» атауына ауысуы – елдегі тарихи өзгерістердің, жалпы корей тілінің реформалану дәуірінің ең алғашқы бастамасы болды.

      Тарихи оқиғаның орын алуына себепкер болған Ұлы патша Сечжоң, монах Шин Ми және бірнеше сарай ғалымдары бірігіп, қытай, санскрит, тибет тілдерін өзара салыстыра отыра, қарапайым халықтың жазу-сызуды үйренуіне әсер еткен корей әліппесі 1446 жылы қолданысқа енгізілді. Корей әліпбиіндегі негізгі үш дауысты әріп аспанды, жерді және адамды білдірсе, қалған дауыстылар осы үшеуінің өзара тіркесімінен пайда болды. Негізгі бес дауыссыз әріп адамның сөйлеу мүшелеріне ұқсайтын етіп жасалды, ал қалған дауыссыздар осыған ұқсас қосымша мәнге ие болды. Әріптер, өз кезегінде, буындарға біріктіріледі, олардың жазылуы да өзіндік ережелерді сақтайды. Алғашқыда жоғарыдан төмен қарай оқылса, кейіннен оңнан солға қарай оқылатын болып өзгерді.

      Корей тіліндегі дауысты әріптердің жазылуына тибет тілінің ықпалы үлкен әсер етті. Тибет тілінде егер дауысты әріп сөз басында келсе, оның алдына оқылмайтын дауыссыз әріп қойылады. Корей әліпбиінде ол – «ㅇ» (ŋ) әрпі. Мысалға, «бала» сөзін жазу үшін корей тілінде «아이» (аи) деп жазамыз. Бұл әріп сөз басында оқылмайды, тек өзінен кейін дауысты әріптің келгенін білдіреді, ал сөз соңында қазақша «Ң» әрпінің (공, коң – доп) баламасын береді.

      Алғашқы корей әліпбиінде 28 әріп болса, бүгінде жалпы саны 40 әріпке жетті. Ел арасында «언문» (онмун), «반절» (панчжоль), «가갸글» (кагягыль) деп қолданылған корей жазуының тарихында 42 әріп қолданыстан шығып қалды. Бұл – заман талабының сұранысына сай лингвистикалық табиғи сұрыптың нәтижесінде орын алған жағдай. Қазіргі корей жазуының реформасы ХХ ғасырдың 10 жылдары қарқынды жүзеге асты. «Хангыль» атауын ресми айналымға лингвист-ғалым Чжу Ши Гёң (주시경) енгізді. Оған дейін корей жазуының «Кагя» аталуының себебі – корей тілін алғаш үйренушілер дауыссыз және дауысты әріптерді бірге қосып дыбыстағанда «가, 갸, 거, 겨» (ка гя ко гё) деп бастауын білдіреді.
      Ұлы патша Сечжоңның жазған алғы сөзі және хангыльдің жасалу принциптері жазылған «Хунминчжоңым» (訓民正音 – Hunminjeongeum) кітабы – Корея Республикасының Ұлттық Қазына қорына (국보 제70호) нөмері 70-ші мұра болып тіркелді. Аталмыш еңбек 1997 жылы қазан айында ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» (Memory of the World) тізіміне енгізілді. Осындай маңызды әрі тарихи тұтастыққа жетелейтін мұраның кейінгі ұрпаққа пайдалы болары сөзсіз. Өз тілін, мәдениетін, тарихын, өткен жолын санасына сіңірген халықтың ғана келешегі жарқын болмақ.

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
      Назад к списку
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ