Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • 100 лет Kore ilbo
  • Сотрудники
  • Вакансии
О корейцах
  • О корейцах
  • Мероприятия
  • Общество
  • Личности
  • Наша культура
  • Корейское общественное движение
  • Инфографика
  • Традиции и обычаи
  • Галерея
  • Библиотека
Новости
뉴스
Welcome to Korea
  • Гранты и стипендии
  • 뉴스
Статьи в газете
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • 100 лет Kore ilbo
  • Сотрудники
  • Вакансии
О корейцах
  • О корейцах
  • Мероприятия
  • Общество
  • Личности
  • Наша культура
  • Корейское общественное движение
  • Инфографика
  • Традиции и обычаи
  • Галерея
  • Библиотека
Новости
뉴스
Welcome to Korea
  • Гранты и стипендии
  • 뉴스
Статьи в газете
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • 100 лет Kore ilbo
    • Сотрудники
    • Вакансии
    О корейцах
    • О корейцах
    • Мероприятия
    • Общество
    • Личности
    • Наша культура
    • Корейское общественное движение
    • Инфографика
    • Традиции и обычаи
    • Галерея
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Welcome to Korea
    • Гранты и стипендии
    • 뉴스
    Статьи в газете
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • 100 лет Kore ilbo
        • Сотрудники
        • Вакансии
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Мероприятия
        • Общество
        • Личности
        • Наша культура
        • Корейское общественное движение
        • Инфографика
        • Традиции и обычаи
        • Галерея
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Welcome to Korea
        • Welcome to Korea
        • Гранты и стипендии
        • 뉴스
      • Статьи в газете
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      31-мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

      Главная
      —
      Новости
      —31-мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
      31-мамыр – саяси қуғын-сүргін және  ашаршылық құрбандарын еске алу күні
      31.05.2025
      Осыдан тура 28 жыл бұрын тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылдың 31 мамырын «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жарлыққа қол қойды.

      Саяси қуғын-сүргін кезеңі және ашаршылық кезеңінің кейбір жылдары бір уақытқа тұспа-тұс келсе де, тарихи термин бойынша екі түрлі атау екені анық. Алғашқыда екі кезеңді бірге қамтып, бірге қарастырғанмен, кейіннен екі бөлек зерттеу кең үрдіс алып келеді. «Қуғын-сүргін» атауы – Кеңес үкіметі тұсында берілген атау. Оны тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағыдай «Ақтаңдақ кезең» немесе бүгінгідей «Азалы жылдар» деп атасақ та, ешбір мағынасы өзгеріп, ауырлығы жеңілдемек емес.

      Қазақ тарихындағы ашаршылық жайлы сөз қозғағанда, 1919-1922 және 1929-1933 жылдар арасындағы нәубет жылдар еске оралады. Ресми деректерге сүйенсек, әр кезеңдегі ашаршылықты қоса есептегенде, халықтың саны 4 миллионға кеміген. Бұл деректі одан әрі растау үшін жазушы Олжас Сүлейменов 2016 жылы «Баянтау» газетіне берген сұқбатында: «Мәскеуге барған бетте Ленин кітапханасынан 1926 жылғы санақтың қорытындылары жарияланған кітаптан «қазақ халқының саны – 6 млн 200 мың» деген тұсын көшіріп алғанмын. Ал 1939 жылы қазақтың жалпы санынан «2 млн» ғана қалған», – деген дерек келтіреді.
      Қазақ даласындағы ашаршылық нәубеті бұдан да ерте басталған еді. 1916-1918 жылдары Патшалық Ресей бұратана халықтардан майданға әскер алдыртып, одан қалса тыл жұмысына адам жинап, елден астық, мал-мүлік жинай бастады. Халық әні «Самалтау» – сол бір азалы жылдардың қасіретті көрінісі іспетті. Елден, жерден жырақтаған қара халықтың амалсыз жат жерге қоныс тебуін, он бес күндей жүргендей Омбыға да жететінін, бойындағы зар мен мұңды келесі ұрпаққа аманаттаған әннің бірі болатын.

      Әке-шешем бар еді,
      Жасы жеткен кәрі еді.
      Осынау әнге салдырған,
      Он алтының зары еді...

      Саяси қуғын-сүргін кезеңінің ресми дерегі бойынша, 100 мыңнан астам қазақстандық саяси қудалауға ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Ату жазасы жер аударылумен өтелсе де, Сібірдің суығы денесінен өтіп, ауырып көз жұмғандардың да саны аз емес. Солардың қатарында ұлт қайраткері, «қазақтың рухын оятуды көздеген» Міржақып Дулатұлы да бар болатын.

      Сталиндік қанды қырғынның шарықтау шегіне жеткен 1938 жылдың ақпан айында небәрі 4 күн ішінде 157 адам жазықсыз атылды. Нақты есеп бойынша, 25 ақпан – 39 адам, 26 ақпан – 37 адам, 27 ақпан – 41 адам, 28 ақпан – 40 адам. Олардың ішінде танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Телжан Шонанұлы бар.

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2021 жылғы үндеуінде: «31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні» деп атап өтті. Біз – ашаршылықта көз жұмған миллиондардың, қуғын-сүргінде оққа ұшқандар арасынан аман қалған ұрпақтың жалғасымыз. Ата-бабамыздың қанымен келген тәуелсіздігімізді, тарихымызды келешек ұрпақтың бойына сіңіру – біз үшін ең маңызды дүние болмақ. Ұлт болашағы үшін күрескен қайраткерлер ерлігі ұмытылмаса, біз де бейбіт өмір сүре бермекпіз!

      Талғат ШАЙХЫҒАЛИ
      Назад к списку
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      100 лет Kore ilbo
      Сотрудники
      Вакансии
      О корейцах
      О корейцах
      Мероприятия
      Общество
      Личности
      Наша культура
      Корейское общественное движение
      Инфографика
      Традиции и обычаи
      Галерея
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2025 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ