Алматыда «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесі мен «Бір ауыл – бір өнім» атты қолөнершілер көрмесі өтті. Оған 80-ге жуық алматылық кәсіпорын қатысты. Көрме ҚР Тұңғыш Президенті саябағында ұйымдастырылып, азық-түліктен бастап, жоғары технологиялық құрылғыларға дейін отандық өнімдердің алуан түрі ұсынылды. Байқау «Үздік өнеркәсіп тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Аймақтық іріктеу жеңімпаздары республикалық деңгейде оңтүстік астананың намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, алғаш рет қолөнершілерді дәріптеп, дарынды қолөнершілерді анықтауға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылды. Бұл байқаудың жеңімпаздары 10 күннен кейін анықталады. Алматы – шағын және орта бизнес аймақ экономикасының негізгі бөлігін құрайтын Қазақстандағы кәсіпкерлік бастаманың орталығы. Қалада барлығы 380 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл оны бұл көрсеткіш бойынша республикада көш бастап тұр. Отандық тауар өндірушілерді қолдайтын мұндай шаралар өңірдегі экономиканы дамытып, іскерлік байланысты нығайтуға септігін тигізеді.

