ТМД-да алғаш рет Жүрек орталығының қабырғасында жаңа ұрпақтың AVEIR бір камералы электродсыз кардиостимуляторы имплантацияланды. Бұл капсула тәрізді құрылғы жүректің баяу соғу жиілігі кезінде электрлік импульстарды жеткізу үшін жүректің оң қарыншасына орналастырылған.
Кардиостимулятор феморальды вена арқылы катетердің көмегімен жүрекке енгізіледі. Бұл аз инвазивті процедура пациенттердің қалпына келтіру кезеңін айтарлықтай қысқартады және қысқа мерзімде күнделікті өмірге оралуға мүмкіндік береді.
AVEIR кардиостимуляторы клиникалық сынақтардан сәтті өтті және пациенттердің денсаулығына, соның ішінде МРБ-ді тексеру мүмкіндігіне қауіпсіз. Құрылғы алдыңғы конструкцияларға қарағанда екі есе ұзақ қызмет ете алады және қажет болған жағдайда оңай алынып тасталуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Оның ұзындығы 4 см, ал пішінінің өзі кәдімгі батареяға ұқсайды.
Жүрек орталығының мамандары АҚШ-та жаңа кардиостимуляторды орнату бойынша оқудан өтті және қазір пациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсарту үшін осы технологияны елде қолданып жатыр.

