Бүгінгі таңда болып жатқан жаһандық оқиғалар аясында бейбітшілік, бірлік пен келісім қаншалықты маңызды екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл тек сөз емес. Бұл – кез келген мемлекет пен қоғам игілігінің негізін қалайтын рухани нәрсе. Қазіргі адамзаттың алдында тұраған күрделі сынақтарды тек бір-бірімізбен бірігіп, еңсере аламыз.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан керемет серпіліс жасады. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен Республиканың халықаралық беделі айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, бүгінгі күнде еліміз дамудың жаңа кезеңіне өтуде.
Республикада ауқымды саяси реформалар жүргізіліп, қоғамның жаңа құндылықтары қалыптасуда. Бұл ретте мемлекеттің басты міндеті – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау. Еліміздің этносаралық қатынастары дамып, тілдер оқытылып, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясат жүзеге асырылды. Қазақ елінің біртұтас халық болып өмір сүруі – басты нәтиже.
Рухани сезімді тұрғызып, қалыптастыру оңай емес екені белгілі. Бірақ, біз болашаққа батыл сеніммен қарауымыз қажет. Халқымызды ерекше құрмет пен рухани үйлестік байланыстырады, бұл қазақ елінің генетикалық деңгейіне тән нәрсе. Ортақ тарихпен, мәдениетпен біріккен, біртұтас халық болып қиыншылықтарды жеңіп, жетістіктерге жетіп, халқымыз жайраңдады. Мемлекет алдында әлі де көптеген міндеттер бар. Уақыт көрсеткендей, ең бастысы – мақсатымызға бірігіп қадам басу қажет. Сонда ғана ісіміз сәтті болатыны сөзсіз.
Аида КАН

