Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      Стартапер әрқашан мина алаңында жүреді

      Главная
      —
      Статьи
      —
      Статьи из газеты
      —Стартапер әрқашан мина алаңында жүреді
      Стартапер әрқашан мина алаңында жүреді
      Статьи из газеты
      Алматылық Яна Тен – CEO және MedTech-стартап ZebraEye компаниясының негізін қалаушыларының бірі. Ол «Коре ильбо» газетіне берген сұхбатында IT-кәсіпкердің жолы, мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі және цифрлық технологиялардың болашағы туралы әңгімеледі.

      – Яна, жобаңыздың қазіргі даму кезеңі туралы айтып берсеңіз.

      – Біз Қазақстандағы мемлекеттік ауруханаларда пилоттық жобаларды іске қостық. Қазір бағдарламалық жасақтаманы медициналық аппараттарға тікелей интеграциялау үшін өнімді жетілдіріп жатырмыз. Сонымен қатар, Бахрейн мен Катардағы денсаулық сақтау ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп, олардың ауруханаларында да пилоттық жобаларды іске қосу мәселесін талқыладық. Инвестиция әлі тартқан жоқпыз, бірақ 40 мың доллар көлемінде грант ұтып алдық, енді сол қаражатты игеріп жатырмыз.

      – Корея нарығына шығу туралы ой болмады ма? Ол жақта медицина өте дамыған ғой.

      – Әзірге біздің негізгі бағытымыз – Таяу Шығыс елдері. Себебі бұл өңір цифрлық технологияларға, оның ішінде медицинадағы инновацияларға айтарлықтай қаржы бөледі. Сол себепті біз дәл қазір сол бағытымызды күшейтіп отырмыз. Ал Кореяда медицина әлем бойынша озық деңгейде, сондықтан мұндай шешімдер ол жақта бар болуы мүмкін деп ойлаймын. Осыған байланысты Корея нарығын әзірге қарастырмадық.

      – Стартаптың басты бәсекелік артықшылықтары қандай?

      – Қазақстанда талантты жастар көп, мықты математиктер мен машықты ML-инженерлер бар. Ең бастысы – әзірлеу құны өте қолжетімді. Мәселен, АҚШ-пен салыстырғанда, біздің даму процесінің шығыны 50 есеге дейін төмен. Қаржы мен уақытты үнемдеу бізге жылдам қозғалып, жаңа нарықтарға тез бейімделуге мүмкіндік береді.

      – Пилоттық жобалар Қазақстанда қалай өтіп жатыр?

      – Қазіргі таңда біз дәрігерлер тексеріп шыққан пациенттердің көз суреттерін алып, олардың диагнозын біздің модель қойған диагнозбен салыстырамыз. Бүгінде диагностика дәлдігі 95%-ға жетті. Біз сирек кездесетін офтальмологиялық патологияларды ғана емес, глаукома, катаракта, диабеттік ретинопатия сияқты кең таралған ауруларды да анықтай аламыз. Қазақстан офтальмологиясы өте мықты, сондықтан дәрігерлер қойған диагнозда қателік кездестірген жоқпыз.

      – Стартап құру үшін кәсіпкерлерге қандай қасиеттер қажет?

      – Демотивация сияқты естілмесе деймін, бірақ стартаппен айналысу үшін адамда біраз «ерекше» мінез болуы керек. Стартап бастау – үлкен тәуекел. Күн сайын мина алаңында жүргендей, кез келген сәтте бәрінен айырылу қаупі бар. Бұл – ертегі емес, шынайы өмір. Мұндай іске бару үшін авантюризм де қажет.

      – Сізде қаржылық қор болды ма?

      – Иә. Жобаның басында Абу-Дабиде жұмыс істеп жүрген кезде жинаған жеке қаражатымды инвестицияладым. Кейін маған серіктестерім қосылып, жобаны қолдады. Қазір грант игеріп жатырмыз, ал болашақта инвестициялық раунд ашуымыз мүмкін. Яғни, корпоративтік секторда жұмыс істеп капитал жинамаған немесе қаржылай қолдауы жоқ адамның бірден кәсіпкерлікке кіруі өте қиын. Себебі IT-бизнес қаржыны тез жұмсайды.

      – Демек, сіз корпоративтік бизнесте жұмыс істедіңіз ғой?

      – Иә, Абу-Дабиде IT-стартаптардың бизнес-стратегияларын басқардым, сол жерде біраз қаражат жинадым.

      – Бірақ кейін өз ісіңізбен айналысуды таңдадыңыз ба?

      – Иә. Себебі мен стартап стратегияларын жасап, екі венчурлық қорда жұмыс істеп, инвесторлармен жұмыс істеуді үйрендім. Осы тәжірибе маған IT-кәсіпкерлікке дайынмын деген ой берді. Алайда іс жүзінде ештеңе сені бизнеске толық дайындай алмайды екен.

      – Қазір кейде өкініш сезімі болмай ма? Корпоративтік секторда қалған дұрыс па еді деген ой келмей ме?

      – Жоқ, мүлдем өкінбеймін. Бәлкім, осының бәріне драйв беретін адреналиннің әсері бар шығар.

      – Сонда сізді күн сайын алға жетелейтін не?

      – Адамдардың өмірін жақсартуға деген күшті ниет. Сол ниет стартап жолындағы барлық қиындықтан басым болуы керек.

      – Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының технологиялық деңгейін қалай бағалайсыз?

      – Егер импорттық жабдықты есептемесек, медицинада технологиялық шешімдер өте аз. Бағдарламалық қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді. Дегенмен, Цифрлық даму министрлігі де, Денсаулық сақтау министрлігі де жергілікті IT-жобаларды белсенді қолдап келеді. Мысалы, пилоттық жобаларды бастауға рұқсатты бір апта ішінде беріп жатады. Бұл – өте үлкен қолдау.

      – Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың болашағын қалай көресіз?

      – Жасанды интеллект – әлемдік тренд. SaaS-шешімдер әрқашан сұраныста. Сонымен қатар, медицина мен биотехнологияда үлкен мүмкіндіктер бар. Себебі ірі технологиялық және фармацевтикалық компаниялар осы бағытқа үлкен қаржы құйып жатыр.

      – Бұл мүмкіндіктерді өз командаңызбен қалай пайдаланбақсыздар? Жаңа жобалар жоспары бар ма?

      – Қазірдің өзінде медицина саласында жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Тіпті exit болса да, стартапты толық аяқтау үшін кемінде 10 жыл керек. Bigtech немесе фармацевтикалық компания біздің жобаны сатып алуы мүмкін – біз оған дайынбыз. Себебі масштабты өсімге жету үшін ұзақ жылдар бойы қалыптасқан зор ресурстар қажет. Үлкен корпорацияға қосылу біздің технологияны кең ауқымда пайдалануға жол ашады деп сенеміз.

      Олег ХЕ
      • Комментарии
      Загрузка комментариев...
      Назад к списку

      • Статьи из газеты 269
      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ