Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын жаңа Алатау қаласын құру жөніндегі жобалық кеңсе өз жұмысын бастады. Кеңсе инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау үшін заңнамаға өзгерістер енгізу және рәсімдерді жеңілдету мәселелерін жедел шешетін болады.
2000-шы жылдардың басында Қазақстан үкіметі бизнесті әртараптандыру жолдарын белсенді түрде іздеп, экономикалық жағдай мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға тырысқан кезде, Алатау қаласын құру идеясы Қазақстан кәрістері Қауымдастығының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, көрнекті кәсіпкер Цхай Юрийден туындаған. Жобаның басты мақсаты – заманауи урбанизм мен экологиялық тазалықтың барлық талаптарына сәйкес жоғары технологиялық қала құру.
Қазақстанның оңтүстігінде Алматының маңында орналасқан «Инновациялық технологиялар паркі» (ИТП) арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру жобасы аясында Алатау қаласы салына бастады. Жобаның мақсаты инновациялық компаниялардың дамуына қолайлы жағдай жасау және халықаралық инвесторларды тарту болды. Инфрақұрылымның негізгі элементі технопарктер, бизнес-инкубаторлар және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (R&D) орталықтарының құрылысы болды.
Қаланың құрылуының маңызды аспектісі оның экологиялық бағыты болды. Алатау заманауи сәулеттік шешімдер, инновациялық технологиялар мен урбанизацияға экологиялық таза көзқарастар үйлесетін болашақ қаласы ретінде ойластырылған.
Алатау – инновациялық орталық қана емес, ел экономикасы дамуының негізгі элементі. Қала құрылғалы бері мемлекеттің ішінде де, халықаралық деңгейде де айтарлықтай инвестициялар тартты. Мемлекеттік бастамалар мен бағдарламалар белсенді түрде қолдау тауып отырған IT саласына ерекше көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ Алатау қаласының аумағында Қазақстан кәрістер Қауымдастығы 10 гектар аумағында орналасатын кәрістердің қазақ халқына алғысының бірегей символына айналатын кәріс кварталын салуды жоспарлап отыр. Бұл жер кәріс халқының дәстүрлері мен Қазақстанға қоныс аудару тарихын біріктіретін мәдени-туристік орталық болмақ. Бұл жоба этнотуризмді дамытуға және мәдениетаралық байланысты нығайтуға бағытталған. Кәріс кварталы білім беру және мәдени іс-шараларға, гастрономиялық фестивальдерге және кәріс өмірінің дәстүрлеріне сүңгуге арналған орынға айналады.
Бұл қауіпсіз және экологиялық таза аймақ болмақ. Мұнда өмір сүріге, жұмыс істеуге және демалуға қолайлы жағдай жасалатын болады. Қазақстан Орталық Азиядағы жоғары технологиялар мен ғылым саласындағы көшбасшысы болуға ұмтылуда. Алатау қаласы соның жарқын мысалы болып табылады. Бұл қаланың құрылысы мен дамуы елдің инновацияларға, цифрландыруға және тұрақты экономикалық өсуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Александр ХАН